Поиск

   

 

                                        Құрметті сайтты пайдаланушылар!

Сізді Kostina«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында қарсы аламын.

Сайтымыздың беттерінде сендер бөлім жұмысы, мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы, халықты жұмыспен қамтудың белсенді саясатын қамтамасыз етуіне, өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге, мүгедектерді оңалтуға  бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы толық ақпаратты біле аласыз.

Сайтымызда орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып, жаңартылады, ол ақпаратқа мұқтаж адамдарға әрқашан  көмектеседі.

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы
Светлана Борисовна Костина

Біздің әрбірімізді күзгі баллмен көпетеген жағымды естеліктер байланыстырады. Және бұның барлығы кенеттен болған жоқ. Мұндай іс-шара әрқашанда өзіне ашық түсті бояуларды және көптеген адамдардың сүйікті жыл мезгіліндегі ештеңеге теңдесі жоқ атмосфераны үйлестіріп тұрады. 2018 жылғы 30 қазанда «Алые паруса» ХШҚҮ-де «Рудны қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеті бөлімінің қамқорындағыларға арналған «Күзгі бал» іс-шарасы болып өтті.

Алтын күз – өнімдерді жинау уақыты, сондай-ақ қиялдар мен шығармашылықты көрсетудің ең керемет уақыты. Ертегідегідей және керемет күзгі табиғат – балалар секілді ересектердің де шығармашылық сезімі мен қуанышының таусылмас бастауы. Бұл сүйікті мезгіл, қызықты табиғи материалдарға: бүршіктерге, түрлі-түсті гүлдер мен жапырақтарға бай, табиғи материалдардан жасалған күзгі ұсақ-түйектер, сондай-ақ оларды жемістер мен көкөністерден жасауға болады. Табиғат – шығармашылық пен шабыттың сарқылмай бұлағы. Табиғи материал шынайы өмір мен жан жарасымының әлемі арасындағы керемет таратушысы.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"