Поиск

   

Салауатты өмір салтын насихаттаудың ең жақсысы – дене шынықтырумен және спортпен айналысу. Атап өтейік, біздің қалада бұған қатты көңіл бөледі. Егер ақылды еңбек физикалықпен кезектесіп тұрса, онда барлық жерде маңызды жетістіктерге жетуге болады. Дене шынықтыру күш пен денсаулықтың ең басты қайнар көзі, батылдықты, табандылықты дамытады, ұжымшылдық сезімін, тәртіптілікті, бастысы – мақсатқа жету еркіндігін дағдыландырады.

1  

Бәлкім, ересектер мен балаларды ешқандай бірлескен мерекелер мен көңіл көтерулер бұлай жақындастырмайтын шығар. Нақ осы үшін «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қамқорындағылары үшін «Кіші Олимпиадалық ойындарды» өткізу дәстүрге айналды. Бұл жылы Олимпиадалық ойындар Рудный қаласының 60 жылдығына орайластырылды.

2  3

Мерекелерді өткізу «ерекше тұлғалардың» табысты әлеуметтенуінің, олардың қоғамдық өмірде толыққанды қатысуын қамтамасыздандырудың, әлеуметтік қызметтің әр түрлерінде тиімді өзіндік жүзеге асырудың негізі және ажырамас жағдайы болып саналады.

2017 жылғы 14 шілдеде «РҚӘҚКАО» КММ спорт алаңына әрқайсысында 10 қамқордағылардан тұратын «Солнышко» және «Звездочки» атты 2 топ стартқа шықты. Мұнда сайысқа түсушілердің жастары, физикалық дайындығы маңызды болған жоқ. Топтардың мәреге қандай нәтижелермен келетіндігі – олардың ықыластарына байланысты болды. Бағдарлама өте мазмұнды болды. Бірінші тапсырма топтардың таныстыруы болды. Ол жалынды және ұйқасты болды. Топтарға қызықты, арасында оңай емес «жүкпен жүгіру», «шаңғымен сырғанау», «биатлон», «допен хоккей ойнау», және әрине барлығына ұнайтын – «арқан тартысу» сайыстары ойнатылды. Бұл қызықты іс-шараның барлық кезеңдері қызу күреске толы өтті. Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғалардың барысын қадағалап отырды және өте қатты алаңдап отырды.

2  3

Спорттық жалын мен өз тобы үшін жеңіске жету талпынысы қатысушылардың айналада не болып жатқанын байқамайтындай етіп қамтыды. Барлығы бар күштерімен мәреге бірінші болып келуге тырысты. Күлкі, айқай және шаттық орнады. Барлығы бақытты болды.! Қамқордағылардың қуаныштан жанған бақытты көздері – барлығымыз үшін ең үлкен мақтаныш...

Мереке еліктірерлік және қызықты болды, жағымды эмоциялар мен әсерді қалдырды.

2  3

Өмір таңғажайып және ғажап! Және біздің тобымызда, әлеуметтік қызметкерлер мен бөлім мамандарының тобы мұндай деңгейде өткендігіне өте риза. Біздің– балаларға Шуақ, Қуаныш, Махаббат сыйлау - мақсатымыз орындалды.

 

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"