Поиск

   

2013 жылғы мамырда Қостанай қаласында ашық аспан астында әр түрлі уақыт кезеңідегі соғыс машиналарының экспонаттары: атақты «Т-34» танкі, аңызға айналған «Катюша», орасан зор «БТР-70» және т.б. орналасқан аумақта Әскери техникалар мұражайы пайда болды. Бүгінде біздің еліміз Татулық пен Келісімде өмір сүруіне себепшілерінің арқасында бұл жойқын қарулар ыстық аптаптада, үскірік ызғарда да тұрақтылық және ер мінезділік кейпін бейнелеп тұр.

1

Ашылған сәтінен бастап Әскери техникалар мұражайына жас ұрпақтың Патриотизмдік, Мейірімділік пен Ризашылық сезімін нығайту мақсатында, тұрақты түрде барлық қалаушыларға саяхаттар өтіп тұрады.

Осы мақсатта Рудный қ. «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қамқорындағылар әскери техникалар мұражайы орналасқан Қостанай қ. Жеңіс саябағында болып қайтты. Әскери техниканың 14 экспонаты мен олардың тарихы жас келушілерді бей жай қалдырмады. «Катюша» артиллериялық қондырғысы барлығына ерекше ұнады. Қамқордағылар орталыққа келе салысымен суреттер көрмесі үшін «Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыпқа қуана-қуана суреттерді бояды.

2  2  2

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"