Поиск

   

2018 жылғы 31 мамырда Лисаковск қаласының Мәдениет сарайы мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Бәрібір таланаттар дерттерінен мықтырақ» атты Шығармашылық облыстық фестивалін өткізу орны болды.

Фестивальде Лисаковск, Жітіқара, қалаларының балалары қатысты. Рудный қаласынан «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ жартылай стационарлық жағдайда күндізгі келуі бөлімінің балалары қатысты.

Біздің делегация 3 нөмірмен алғашқы болып өнер көрсетті:

- «Шығармашылық оқу» жанрында Егор Халимов дебютке шықты.

- Вокалдық нөмірмен қалалық фестивальдердің бірнеше дүркін қатысушы Юля Вотчал өнер көрсетті.

- муз.жетекші А.Р. Хасанованың басшылығымен «Джентльмендер биін» «Непоседа» тобының қатысушылары – Нурбол Мантаев пен Едиген Боранбаев билеп шықты.

Біздің қаламыздың жас таланттары фестивальді ашып берді. Көрермендер Рудныйлық делегацияның шығармашылық тартуларының көптігіне таңданып отырды. Фестиваль қатысушыларды да, көрермендерді де қуантып тастады. Олар басқа қалалардан келген жас әртістердің орындауындағы би, вокалдық, аспаптық нөмірлерді көрді.

Шығармашылық Фестивальдің соңында барлығы кафеге мерекелік дастарханға жиналды және Сабын көпіршігінің шоуынан рахат алды. Біздің қаламыздың Шығармашылық фестиваліне қатысушыларына арнап Наталья Видманованың атынан «Орифлейм» компаниясы керемет сыйлықтар, «Сергей Шигун ЖК атынан тәтті сыйлар дайындалды.

Лисаковск қ. Шығармашылық фестивалінде мүмкіндігі шектеулі балаларды өздеріне тартуға керемет мүмкіндік алған, күнделікті өмірінде кейде-кейде батырлыққа айналып келе жатқан балаларға мәдени өмірде белсенді қатысуы үшін денсаулық және өзінің ерекше әлемінің шекарасын кеңейту.

2

3

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"