Поиск

   

Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру немесе создыру бойынша ақпарат

(Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 47-IV«Халық көші -қоны туралы» заңына енгізілен өзгерістерге байланысты, 2018 ж.16.04.)

Қазақстан Республикасының аумағына өздігінен келген этникалық қазақ тұратын орындарына келісімен жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік корпорациялар арқылы оралман мәртебесін алуға немесе ұзартуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған, оларға өңірді таңдауға мүмкіндіктері болған жағдайда оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын енгізуге өтініштерін береді, және оралман мәртебесін алғаннан кейін тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі органдардың аумақтық бөлімдеріне өтініш білдіреді.

Жергілікті атқарушы орган өтініш білдірген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді немесе создырады, оралман куәлігін береді немесе белгілі дәлелдермен оралман мәртебесін беруден немесе создырудан бас тартады.

Оралман мәртебесін беру үміткер «Халықтың көші-қоны туралы» ҚазақстанРеспубликасы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 47- IV «Халық көші -қоны туралы» Заңының 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде жүзеге асырылады (одан әрі-Заң):

«оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары».

Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен)Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалыққазақтар оралман мәртебесі аяқталғаннан кейін алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады, яғни өтінішті беру мерзімі ертерек берілген оралман мәртебесі аяқталған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауы тиіс.

Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

Ескерту: Оралман мәртебесі тоқтатылады:

1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;

2) «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының 49-бабында қарастырылған негіздер бойыншаҚазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда;

3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң.

Оралман мәртебесін алуға немесе ұзартуға мәселесі бойынша кеңес алу үшін мына тел: 8(7142)542835 бойынша хабарласу қажет.

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімі

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"