Поиск

   

 

                                        Құрметті сайтты пайдаланушылар!

Сізді Kostina«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында қарсы аламын.

Сайтымыздың беттерінде сендер бөлім жұмысы, мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы, халықты жұмыспен қамтудың белсенді саясатын қамтамасыз етуіне, өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге, мүгедектерді оңалтуға  бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы толық ақпаратты біле аласыз.

Сайтымызда орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып, жаңартылады, ол ақпаратқа мұқтаж адамдарға әрқашан  көмектеседі.

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы
Светлана Борисовна Костина

2018 жылғы 3 қазанда «Әлемді жүрегімен көру» атты мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында көркемөнер халықтық шығармашылығының XIII қалалық фестивалі болып өтті. «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қамқорындағылар белсенді түрде қатысқан бұл Фестиваль - елордамыз Астананың 20-жылдығын тойлау аясында болып өтті. «Тәттілерді сатушы» биі, «Кемпір, есікті жап!» қойылымы - шығармашылық нөмірлері ең үздік нөмір номинациясын алды және 2018 жылғы 11 қазанда Гала-концертке қатысады.

2018 жылғы 5 қазанда «Алые паруса» КХШҮ-де «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ-нің «Шабыт» клубының мүшелері үшін Қарттар күніне арналған мерекелік концерт болып өтті.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"