Поиск

   

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (Ұлтаралық келісім күні). Бұл татулықтың, еңбектің, достықтың мерекесі. Көктем мерекесі - бірлік достық рухы мен халықтың бірдейлігінен еніп келеді. Біздің туған жеріміз – Қазақстан өте зор. Көпұлтты біздің республикамыз: қазақтар мен орыстар, украиндар мен белорустер, татарлар мен немістер, корейлер мен поляктар, өзбектер мен ұйғырлар, және тағы көптеген басқа ұлттар – барлық ұлттардың тұлғалары Бірінші мамыр мерекесін тойлайды.

Қазақстан халқының бірлігі күнін «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ қамқорындағылар да тойлады.

2017 жылдың 4 сәуірінде «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК-ы,  мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қамқордағыларына арналып «Тек күлкі атты» ТҚК іс-шарасы өтті.

Наурыз мейрамы.

Наурыз – бұл көптеген халық атап өтетін ескі мереке. Бұл көктемгі жаңарудың, өмір жылуы мен қуанышының жарқын мерекесі. Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінде «Наурыз мейрамы» іс-шарасы болып өтті.

«Қара жорға» әсерлі биі өз энергиясымен барлығын қуаттады, вокалдық нөмірмен көктем туралы әнімен Маргарита Панкратова және «Тұлпарым» әнімен Аманат Алебек шықты. Тәрбиешілер қамқордағылармен бірге қазақ рәсімі «Ат қою»-ды көрсетті.

18

Балалар спорттық жарыстарға қуана-қуана қатысты. Бұл атта шабу, арқан тарту, сондай-ақ «Теңге алу» қызықтыратын ойындары болды. Уақыт білдірместен өтіп кетті, бірақ қорытындысында барлығы музыкалық үшбұрыштың көмегімен домбырада күй тартқан инструменттік дуэтін тамашалады.

19

Алайды Наурызды тойлау мұнымен аяқталған жоқ...

Бөлімнің балалары үшін Рудный технологиялар және сервистер колледжінің педагогтері мен студенттерінің ұжымы мерекелік бағдарлама дайындады.

Болашақ кондитерлер, аспаздар, наубайшылар, білдекте жұмыс істейтін жұмысшылар әншілерге, бишілерге және әсерлі жүргізушілерге айналды.

Көпжылдық достық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімін колледжбен байланыстырады, мұнда балаларды қымбатты қонақтар секілді қарсы алады. Балалар мерекеге қатысты – биледі, ән айтты, концерт әртістерімен және жүргізушілерімен бірге ойнады.

20

Қуана-қуана бауырсақтың дәмін татып көрді. Балалар мерекенің сиқырымен қуаттанып, қуаныштан жайнап тұрды.

Мерекенің иелері де қонақтар сияқты қуанышты сезімдерге және керемет мерекелік көңіл-күйге бөлінді.

 

Наурыз Думан.

2017 жылғы 15 наурызда «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК акт залында қарттар мен мүгедектерге үйде күтім жасау жөніндегі бөлімнің «Шабыт» клубының кезекті кездесуі өткізілді. Кездесі Наурыз мерекесіне арналған болатын. Наурыз – қар еріп, жер жаңаратын, жасыл өскіншелердің пайда болатын, малдар төлдейтін кездегі көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Наурызды үлкен қуанышпен қарсы алады. Адамдар ең кереметтерімен жасанады. Бір-бірлеріне ең жақсы тілектерді тілейді. Наурызбен бірге халықтың болашақ бақыты, амандығы мен дәулеттілігі байланысты. Бұл күні адамдар бұрынғы реніштерін, ұрыстарын ұмытып, бір-бірін кешірулері тиіс. Наурыз – діни мереке емес, халықтық мереке. Бұл барлық мұсылман халықтарында жылдың басталуы. Мереке ойындармен, көңілді ойын-сауықтармен өтеді. Күй тыңдап, ән салады

15

Ұлттық нақыштағыстильде: барлық ұлттық қажеттіліктері бар киіз үй – бесік, домбыра, қоржын, төстақан, асық, қамшы, дорба; ұлттық әшекейлер – сақина, сырға, білезік; ұлттық тағамдар – жент, құрт, көже, бауырсақ - мерекелік көрме ұйымдастырылды.

16

Әлеуметтік қызметкерлер өздерінің қамқорындағылары үшін мерекелік бағдарлама дайындады.А.А. Кожахметова өзінің лирикалық әні «Той жыры» әнімен көрермендерді бей-жай қалдырмады.Г.Т. Жусупованың жалынды өлеңі қатысушылардың жүрегін елжіретті

17

Қамқордағылар да таса қалған жоқ, Н.И. Острога өз шығармашылығының құттықтау өлеңдерін айтты. Наурыз мерекесін тойлау барлық қазақстандықтардың бірлесуіне көмектесетін жақсы дәстүр. Бұл шынымен бейбітшілік пен мейірімділіктің мерекесі.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"