Поиск

   

Елбасының  бес конституциялық  реформаны жүзеге асыру бойынша  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында бағыттардың бірі халыққа жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін  жетілдіру туралы хабарлау болып табылады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (Ұлтаралық келісім күні). Бұл татулықтың, еңбектің, достықтың мерекесі. Көктем мерекесі - бірлік достық рухы мен халықтың бірдейлігінен еніп келеді. Біздің туған жеріміз – Қазақстан өте зор. Көпұлтты біздің республикамыз: қазақтар мен орыстар, украиндар мен белорустер, татарлар мен немістер, корейлер мен поляктар, өзбектер мен ұйғырлар, және тағы көптеген басқа ұлттар – барлық ұлттардың тұлғалары Бірінші мамыр мерекесін тойлайды.

Қазақстан халқының бірлігі күнін «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ қамқорындағылар да тойлады.

2017 жылдың 4 сәуірінде «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК-ы,  мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қамқордағыларына арналып «Тек күлкі атты» ТҚК іс-шарасы өтті.

Наурыз мейрамы.

Наурыз – бұл көптеген халық атап өтетін ескі мереке. Бұл көктемгі жаңарудың, өмір жылуы мен қуанышының жарқын мерекесі. Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінде «Наурыз мейрамы» іс-шарасы болып өтті.

«Қара жорға» әсерлі биі өз энергиясымен барлығын қуаттады, вокалдық нөмірмен көктем туралы әнімен Маргарита Панкратова және «Тұлпарым» әнімен Аманат Алебек шықты. Тәрбиешілер қамқордағылармен бірге қазақ рәсімі «Ат қою»-ды көрсетті.

18

Балалар спорттық жарыстарға қуана-қуана қатысты. Бұл атта шабу, арқан тарту, сондай-ақ «Теңге алу» қызықтыратын ойындары болды. Уақыт білдірместен өтіп кетті, бірақ қорытындысында барлығы музыкалық үшбұрыштың көмегімен домбырада күй тартқан инструменттік дуэтін тамашалады.

19

Алайды Наурызды тойлау мұнымен аяқталған жоқ...

Бөлімнің балалары үшін Рудный технологиялар және сервистер колледжінің педагогтері мен студенттерінің ұжымы мерекелік бағдарлама дайындады.

Болашақ кондитерлер, аспаздар, наубайшылар, білдекте жұмыс істейтін жұмысшылар әншілерге, бишілерге және әсерлі жүргізушілерге айналды.

Көпжылдық достық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімін колледжбен байланыстырады, мұнда балаларды қымбатты қонақтар секілді қарсы алады. Балалар мерекеге қатысты – биледі, ән айтты, концерт әртістерімен және жүргізушілерімен бірге ойнады.

20

Қуана-қуана бауырсақтың дәмін татып көрді. Балалар мерекенің сиқырымен қуаттанып, қуаныштан жайнап тұрды.

Мерекенің иелері де қонақтар сияқты қуанышты сезімдерге және керемет мерекелік көңіл-күйге бөлінді.

 

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"