Поиск

   

Наурыз мейрамы.

Наурыз – бұл көптеген халық атап өтетін ескі мереке. Бұл көктемгі жаңарудың, өмір жылуы мен қуанышының жарқын мерекесі. Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінде «Наурыз мейрамы» іс-шарасы болып өтті.

«Қара жорға» әсерлі биі өз энергиясымен барлығын қуаттады, вокалдық нөмірмен көктем туралы әнімен Маргарита Панкратова және «Тұлпарым» әнімен Аманат Алебек шықты. Тәрбиешілер қамқордағылармен бірге қазақ рәсімі «Ат қою»-ды көрсетті.

18

Балалар спорттық жарыстарға қуана-қуана қатысты. Бұл атта шабу, арқан тарту, сондай-ақ «Теңге алу» қызықтыратын ойындары болды. Уақыт білдірместен өтіп кетті, бірақ қорытындысында барлығы музыкалық үшбұрыштың көмегімен домбырада күй тартқан инструменттік дуэтін тамашалады.

19

Алайды Наурызды тойлау мұнымен аяқталған жоқ...

Бөлімнің балалары үшін Рудный технологиялар және сервистер колледжінің педагогтері мен студенттерінің ұжымы мерекелік бағдарлама дайындады.

Болашақ кондитерлер, аспаздар, наубайшылар, білдекте жұмыс істейтін жұмысшылар әншілерге, бишілерге және әсерлі жүргізушілерге айналды.

Көпжылдық достық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімін колледжбен байланыстырады, мұнда балаларды қымбатты қонақтар секілді қарсы алады. Балалар мерекеге қатысты – биледі, ән айтты, концерт әртістерімен және жүргізушілерімен бірге ойнады.

20

Қуана-қуана бауырсақтың дәмін татып көрді. Балалар мерекенің сиқырымен қуаттанып, қуаныштан жайнап тұрды.

Мерекенің иелері де қонақтар сияқты қуанышты сезімдерге және керемет мерекелік көңіл-күйге бөлінді.

 

Наурыз Думан.

2017 жылғы 15 наурызда «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК акт залында қарттар мен мүгедектерге үйде күтім жасау жөніндегі бөлімнің «Шабыт» клубының кезекті кездесуі өткізілді. Кездесі Наурыз мерекесіне арналған болатын. Наурыз – қар еріп, жер жаңаратын, жасыл өскіншелердің пайда болатын, малдар төлдейтін кездегі көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Наурызды үлкен қуанышпен қарсы алады. Адамдар ең кереметтерімен жасанады. Бір-бірлеріне ең жақсы тілектерді тілейді. Наурызбен бірге халықтың болашақ бақыты, амандығы мен дәулеттілігі байланысты. Бұл күні адамдар бұрынғы реніштерін, ұрыстарын ұмытып, бір-бірін кешірулері тиіс. Наурыз – діни мереке емес, халықтық мереке. Бұл барлық мұсылман халықтарында жылдың басталуы. Мереке ойындармен, көңілді ойын-сауықтармен өтеді. Күй тыңдап, ән салады

15

Ұлттық нақыштағыстильде: барлық ұлттық қажеттіліктері бар киіз үй – бесік, домбыра, қоржын, төстақан, асық, қамшы, дорба; ұлттық әшекейлер – сақина, сырға, білезік; ұлттық тағамдар – жент, құрт, көже, бауырсақ - мерекелік көрме ұйымдастырылды.

16

Әлеуметтік қызметкерлер өздерінің қамқорындағылары үшін мерекелік бағдарлама дайындады.А.А. Кожахметова өзінің лирикалық әні «Той жыры» әнімен көрермендерді бей-жай қалдырмады.Г.Т. Жусупованың жалынды өлеңі қатысушылардың жүрегін елжіретті

17

Қамқордағылар да таса қалған жоқ, Н.И. Острога өз шығармашылығының құттықтау өлеңдерін айтты. Наурыз мерекесін тойлау барлық қазақстандықтардың бірлесуіне көмектесетін жақсы дәстүр. Бұл шынымен бейбітшілік пен мейірімділіктің мерекесі.

Көктем шақырады.

Наурыз мерекесі Жер бетіндегі ең ертедегі мерекелердің бірі. Ол Орта Азияның көптеген халықтарымен көктемнің мерекесі және табиғаттың жаңаруы ретінде бес мың жылдан астам уақыттан бері атап өтіледі.

12

«Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК-ның мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінде Наурыз мейрамын тойлауға орай «Көктем шақырады» іс-шарасы болып өтті.  Ақ әже барлығын өзінің шашуынан – тойлау басталғанда жасайтын қазақ халқының дәстүрлерінің бірі. Қамқордағылар қымыз ішіп көріп, құрт жеді. «Ласточка» және «Тюльпан» деп аталған екі топ әр түрлі станциялар бойынша керуенге шықты.

14

Әр станцияда өз тапсырмалары болды, кейбір жерде ән айту керек, кейбір жерде ойындағы өзінің тапқырлығын көрсету керек болды. «Туған өлке» станциясында балалар «Көктем» және «Дастархан» композициясын жасады, «Неге» станциясында Наурыз мейрамы тақырыбына көптеген сұрақтар қойылды, «Аспаз бала» станциясында қамқордағылар әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен бауырсақтың дастарханға дейінгі барлық «жолын» біліп алды.

13

Және екі топ үлкен дастарханда кездесіп, бауырсақпен шәй ішіп, өз пікірлерімен бөлісті.

Шеберқолдар

2017 жылғы 3 наурызда «Алые паруса» ХШҚІҮ-де «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК-ның қарттар мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінің қамқорындағылар үшін Халықаралық әйел-қыздар күні – 8 наурызға арналған «Шебер қолдар» сайысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға «Шабыт» клубының мүшелері қатысты. Бағдарламаны жүргізуші «Менің менюім» жұмбақтар сайысын, «Попурри» ән сайысын, мақалдар сайысын өткізді.

Шығармашылық үйінің демалатын залында қамқордағылардың қолданбалы өнер жұмыстарының көрмесі көрсетілді. Көрмеде «Шабыт» клубының мүшелері белсенді қатысты. Іс-шараның қонақтары мен қатысушыларына қатпарлы қамырдан, бисерден, тоқылған аңдар мен көптеген басқалары қатты ұнады.

11

Қонақтарды өздерінің әсерлі биімен құттықтауға «Карамельки» хореография ұжымы келді. Өздерінің өнер көрсетуімен оларды «Кнопочки» балалар хореография ұжымы қуантты.

22

Қонақтар «попурри» ән сайысына қатысты. Кездесу мерекелік бимен аяқталды.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"