Поиск

   

2015-2016 жж Рудный қаласына қоныс  аударған  оралмандармен кездесу


2016 жылы 3 тамызда «Рудный қалалық жұмыспен  қамту және әлеуметтәк бағдарламалар бөлімі» ММ де  2015-2016 жж  Рудный  қаласына қоныс  аударған оралмандармен  дөңгелек  үстел  көрінісінде   «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бас маманы Бақыт Әбілқайырқызы Қоржынбаевамен , Рудный қ. ІІД көші-қон полиция  бөлімінің өкілі Біржан Қайыржанұлы Аманбаевпен және  Рудный қ. «Жұмыспен қамту  орталығы» КММ  маманы  Зульфия  Төлебайқызы Байженовамен  кездесу өткізілді. Кездесуде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу  мәселесі, оралмандардың көші-қоны  жөніндегі заңнама бойынша ауылдық жерлерге көшіп  бару  жөнінде, әлеуметтік көмек түрлері және  жұмыспен қамту  мәселелері    талқыланды.

Рудный қаласының жұмыс берушілері назарына!


2017 жылы шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін басқа елдердің азаматтары болыптабылатын  жұмыскерлерді тартуға жоспарлап отырған жұмыс берушілерге 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімге дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға негіздемені Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не      212 каб. ұсыну қажет.
Еңбекші-қоныстаушылар және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы Келісімге қатысатын мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік қызметкер жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тарту өтінім-негіздемесіне қосылмайды.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды алу жөніндегі ақпарат облыс әкімінің электронды қызметтер веб-сайтында www.e.kostanay.gov.kz мекенжайы бойынша және Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  электронды қызметтер www.zansoc.kostanay.gov.kz веб-сайтында, «Қызмет көрсету» бөлімінде орналасқан.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Қ. Дүйсенованың 2016 жылғы 13 шілдедегі № 610 бұйрығын орындау және Еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және «Жалпыға еңбек қоғамы» эгидасымен еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында «Еңбек жолы» атты өңірлік конкурс өткізіледі.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"