Поиск

   

 

 Қамқорлық күні

 Мүгедектерге мемлекеттің қамқорлығын көрсету, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, сондай-ақ БҰҰ Бас ассамблеясының ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Президенті 1993 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күнін бекітті, ол қазан айының екінші жексенбі күніне келеді. Мүгедектер күнін өткізу қоғамға қажет, мүгедектердің проблемаларын шешу, олардың құқықтарын жүзеге асыруда көмек көрсету, мүгедектерді саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірдің әртүрлі салаларына қатысуға қатыстыру қажет.

Отбасыларыңызға денсаулық және амандық тілейміз!

 

 

Қарттар күні

1 қазанда Қазақстанда бірлік пен ұрпақ жалғастырушылықты білдіретін Қарттар күнін дәстүрлі түрде атап өтеді. Мереке қарсаңында «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК-ның қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін бөлімнің қамқорындағылар назардан тыс қалған жоқ.

2016 жылғы 28 қыркүйекте «Шабыт» клубының мүшелері «Алые паруса» ХШҚІҮ-не мерекеге шақырту алдым. Шығармашылық Үйінің шығармашылық ұжымы вокалдық және би тобының қатысуымен мерекелік бағдарламаны дайындады. Өзінің әсерлі әні «Әже» әнімен кіші жұлдыз Стелла Белокурец қуантты. Барлық қонақтарға «Аққу» би тобының жалынды биі барлығына сый болды. Бір шыны шәй ішіп отырып, олар бір-бірімен әңгімелесіп, мерекелік бағдарламамен рахаттанып отырды.

Қамқордағылар бәріне қамқорылығы мен мейірімділігі үшін үлкен алғысын білдірді. Іс-шара қонақтары бір-біріне зор денсаулық, бақыт пен сәттіліктер тіледі.

4

5

6

 

 

«Күз сыйы»

2016 жылғы 21 қыркүйекте «Рудный қалалық әлеуеттік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК акт залында «Шабыт» клубымен кездесу өтті. Іс-шара ең бай және жыл мезгілінің ашық, ең керемет – Күз мезгіліне арналды. Күз мерекесін қамқордағылардың көкөністер мен жемістерден жасаған ұсақ-түйектер сәндендірді.

Көрермендер қауымына: ертегі батырлары, жануарлар, гүлдер мен жидектерден жасалған композициялар көрсетілді.

Іс-шарада «Шабыт» клубының белсенділері белсенді қатысқан әр түрлі сайыстар болды. Қатысушылар өздерінің айла-шарғыларын, ептіліктерін және шығармашылық қабілеттіліктерін көрсетті.

Сайыс жеңімпаздары кішігірім жүлделермен марапатталды.

Ұсақ-түйектер қамқордағылар мен олардың әлеуметтік қызметкерлері тарапынан тақпақ және ән түрінде ұсынылды.

Қатысушылар іс-шарадан ептілік қуатын алып, риза болып қалды.

12

 

 

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты конкурс

2016 жылғы 21 қыркүйекте «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-мен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Қазақстан халықының тілдері күнін атап өту шегінде, мемлекеттік тіл дәрежесін арттыру, тіл мәдениеті деңгейін арттыру, мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдерін қолдау мақсатында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты конкурс өткізілді. Конкурсқа әртүрлі мемлекеттік мекемелерден 7 үміткер қатысты. Конкурс 3 турдан құрылды: Мемлекеттік тіл-менің тілім» (танысу), «Тәуелесіздік-тұгырым, ана тілім-ғұмырым» (грамматика), «Сүйемін сені,туған ел! (шығамашылық)».

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы Ирина Петровна Кожевникова 3 орынға ие болды.

Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен алғыс хаттар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталды.конкурс

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"