Поиск

   

2018 жылғы 3 қазанда «Әлемді жүрегімен көру» атты мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында көркемөнер халықтық шығармашылығының XIII қалалық фестивалі болып өтті. «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қамқорындағылар белсенді түрде қатысқан бұл Фестиваль - елордамыз Астананың 20-жылдығын тойлау аясында болып өтті. «Тәттілерді сатушы» биі, «Кемпір, есікті жап!» қойылымы - шығармашылық нөмірлері ең үздік нөмір номинациясын алды және 2018 жылғы 11 қазанда Гала-концертке қатысады.

2018 жылғы 5 қазанда «Алые паруса» КХШҮ-де «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ-нің «Шабыт» клубының мүшелері үшін Қарттар күніне арналған мерекелік концерт болып өтті.

Жыл сайын «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің балалары Фестивальге қатысады. Және әр жыл сайын көрермендерді жаңа концерттік нөмірлермен таң қалдыра отырып, жүлделі орындар алады.

Қазақстан Республикасында Халықаралық қарттар күнін және қазанның екінші жексенбісі Мүгедектер күнін жаппай және кеңінен атап өту жөніндегі мықты дәстүрібекітілді. Бұл жылы «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ қызметкерлері өз қамқорындағыларды назардан тыс қалдырған жоқ. Қарттар күні мен Мүгедектер күнін тойлауға орай «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММқарттар мен мүгедектерге үйде күтім жасау жөніндегі бөлімде «Жақсылық жаса!» атауымен қайырымдылық акциясы болып өтті.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"