Поиск

   

 

 

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты конкурс

2016 жылғы 21 қыркүйекте «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-мен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Қазақстан халықының тілдері күнін атап өту шегінде, мемлекеттік тіл дәрежесін арттыру, тіл мәдениеті деңгейін арттыру, мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдерін қолдау мақсатында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты конкурс өткізілді. Конкурсқа әртүрлі мемлекеттік мекемелерден 7 үміткер қатысты. Конкурс 3 турдан құрылды: Мемлекеттік тіл-менің тілім» (танысу), «Тәуелесіздік-тұгырым, ана тілім-ғұмырым» (грамматика), «Сүйемін сені,туған ел! (шығамашылық)».

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы Ирина Петровна Кожевникова 3 орынға ие болды.

Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен алғыс хаттар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталды.конкурс

 

Халықты бар болған бос жұмыс орындар қоры, Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысу жолымен жұмысқа орналасу мүмкіндігі жөнінде ақпараттау, сонымен қатар жұмыс берушілер мен кадрлар қызметінің өкілдерімен жеке әңгімелесуден өту жағдайларын жасау мақсатында 2016 жылғы 11 тамызда Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Нұр Отан партиясының  «Кедергісіз болашақ» жобасы шегінде өткізілді. Жәрмеңкеге 8 кәсіпорын қатысты, қаланың жұмыс берушілерімен 367 бос орын мәлімденді.  127 адам қатысып, олардан тұрақты жұмыс орнына -36 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 5 адам, жастар практикасына – 3 адам, қоғамдық жұмыстарға – 52 адам жолдама алды, 45 адам Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысу жөнінде кеңес алды.  

 

2015-2016 жж Рудный қаласына қоныс  аударған  оралмандармен кездесу


2016 жылы 3 тамызда «Рудный қалалық жұмыспен  қамту және әлеуметтәк бағдарламалар бөлімі» ММ де  2015-2016 жж  Рудный  қаласына қоныс  аударған оралмандармен  дөңгелек  үстел  көрінісінде   «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бас маманы Бақыт Әбілқайырқызы Қоржынбаевамен , Рудный қ. ІІД көші-қон полиция  бөлімінің өкілі Біржан Қайыржанұлы Аманбаевпен және  Рудный қ. «Жұмыспен қамту  орталығы» КММ  маманы  Зульфия  Төлебайқызы Байженовамен  кездесу өткізілді. Кездесуде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу  мәселесі, оралмандардың көші-қоны  жөніндегі заңнама бойынша ауылдық жерлерге көшіп  бару  жөнінде, әлеуметтік көмек түрлері және  жұмыспен қамту  мәселелері    талқыланды.

Рудный қаласының жұмыс берушілері назарына!


2017 жылы шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін басқа елдердің азаматтары болыптабылатын  жұмыскерлерді тартуға жоспарлап отырған жұмыс берушілерге 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімге дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға негіздемені Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не      212 каб. ұсыну қажет.
Еңбекші-қоныстаушылар және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы Келісімге қатысатын мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік қызметкер жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тарту өтінім-негіздемесіне қосылмайды.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды алу жөніндегі ақпарат облыс әкімінің электронды қызметтер веб-сайтында www.e.kostanay.gov.kz мекенжайы бойынша және Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  электронды қызметтер www.zansoc.kostanay.gov.kz веб-сайтында, «Қызмет көрсету» бөлімінде орналасқан.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"