Поиск

   

 

 

Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер, нақты айтқанда Қазақстан Республикасының азаматтығын алу  мәселесі,  әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту мәселелері, оған қоса оралмандар санатындағы  азаматтардың  ұсынысы бойынша  «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде дөңгелек үстел өтті. Кездесуге   мемлекеттік органдарының  өкілдері - облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қоны бөлімінің өкілдері,  Рудный қаласының  ішкі істер басқармасының көші-қоны бөлімінің маманы, Рудный қалалық  тұрғын үй-коммуналдық бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  өкілдері,  Рудный индустриалдық институтының маманы қатысты.  Кездесу барысында  халықтың көші-қоны  жөніндегі заңнама бойынша, қаңдастарды жұмысқа орналастыру, білім алу,  мемлекеттік тұрғын үй қорынан  тұрғын үй алу мәселелері  бойынша түсініктемелер берілді. 

 

 

Назар аударыңыздар: Конкурс!

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» атты конкурс өткізеді. Конкурстың негізгі мағынасы – бизнес құрылымдардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және елдің дамуына қосқан үлесін жариялау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жариялау болып табылады.

Министрлік жанындағы комиссия ұсынылған материалдар негізінде жеңімпаздарды анықтайды және келесі номинациялары бойынша конкурс лауреаты атағын беру жөнінде шешім қабылдайды:

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» - бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (жалақы мен әлеуметтік төлемдерді, еңбек қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру, жаңа жұмыс орындарды ұйымдастыру және т.б.) жүзеге асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

«Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» - еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған үміткерлердің жұмысын қаралады.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын айтарлықтай жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» - үміткерлердің экологияға қосқан үлесіне бағытталған әрекеті қаралады.

Конкурсқа өз аумағының инфрақұрылымы мен әлеуметтік-мәдени саласының дамуына елеулі үлес қосатын жұмыс берушілер және әлеуметтік бағдарланған бизнес-құрамаларының өкілдері қатыса алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» қаулысымен бекітілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» конкурсын өткізу қағидалары adilet.zan.kz сайтында орналастырылған.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Пионер көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 7, 14 кабинеттерде қабылданады, қосымша ақпаратты 2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

Қаланың жұмыс берушілеріне осы конкурсқа қатысуды ұсынамыз.

 

«Өрлеу жобасы: шешім қабылдайтын уақыт келді
     
-Сіздің отбасыңыз қиналып жүр ме?
-Сіздің табысыңыз төмен әрі тұрақсыз ба?          

Еңбек нарығында өз орныңызды таппай жүрсіз бе?  
    
Дағдарыстан шығу үшін Сіз бар күш-жігеріңізді жұмсауға дайынсыз ба?

Олай болса Сізге аудандық(қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты мекеніңіз бойынша ауыл немесе округтің әкіміне жолығып, бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдау үшін әңгімелесуден өтіп, тегін өтініш нысанасын алып, құжаттарыңызды тапсырып, «Өрлеу» жобасына қатыса аласыз ба соны біліңіз.«Өрлеу» жобасы деген не?

«Өрлеу» - отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытындағы мемлекеттік ақшалай көмек көрсетудің эксперименттік бағдарламасы. Бағдарламаға орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын отбасылар (азаматтар) қатыса алады.

Жоба неге шартты болып есептеледі?  
Отбасы шартта көрсетілген әлеуметтік талаптарды орындаған кезде ғана ақшалай көмек ала алады.

Отбасының белсенділігін арттыру жөніндегі әлеуметтік келісімшартта қандай талаптар қойылады?

Жобаға қатысушы отбасы міндетті түрде әлеуметтік жағдайға бейімделуі үшін қиындықты (жұмысқа орналасу, оқу,

қосымша жаңа мамандық алуы үшін қайта даярлықтан өту және т.б.) жеңе білуі керек.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз кезегінде отбасының әлеуметтік белсенділікті қолдау мақсатында жұмыспен қамтып, ай сайын ақшалай көмек беруге міндеттенеді.

Ақшалай көмек әрбір отбасының мүшесіне, отбасының орташа табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы аралығындағы айырмашылықпен бағамдалады.

Түсініктемелер мен қосымша ақпарат  алу үшін «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім» ММ-не мына мекенжай бойынша өтініш білдіріңіздер:
Рудный қ, Пионер к, 21 , каб. 22, 23, 24; тел:24489

 

 

«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының  2015 жылғы  30 қарашадағы  № 426-V Заңының  11-бабына сәйкес 2016 жылға арнап мынадай  әлеуметтік индикаторлары бекітілді:
Жалақының ең төмен мөлшерi – 22 859 теңге;
• Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 25 824 теңге;
• Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 11 965 теңге;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы (ЗТМО жәрдемақыларды есептек үшін қолданылады) - 22 859 теңге;
• Жәрдемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 121 теңге.
Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін өлшем болып табылатын кедейшілік шеті  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы  10 желтоқсандағы  № 953 бұйрығына сәйкес Қазақстан облыстырының әкімдіктерімен белгіленетін болады.
Сондықтан  Қостанай облысының әкімдігімен  2016 жылғы  2 тоқсанға арналған кедейшілік шеті облысымызда өткен тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленді.
Былай айтқанда,  Қостанай облысында  2016 жылғы  2 тоқсанға арнап белгіленгендер:  ең төменгі күнкөріс деңгейі – 18848 теңге, кедейшілік шеті – 7539 теңге.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жоғарыда атлаған бұйрығына сәйкес  18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау барысында өлшем  болып табылатын  азық-түлік себетінің  мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % құрып, 11309 теңгеге тең.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"