Поиск

   

«ЛИДЕР 2010»

15 маусымда «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК-ның жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінің қамқорындағы «Село лесное» өнімдерін шығаратын кәсіпорында болып қайтты.

Әр түрлі-түсті жаз!


Үйде бала күлкісі барда,
Ойыншықтардан қашып құтыла алмайсыз,
Сіз өмірде барлығынан бақыттысыз,
Сол себепті өтінерім балалықты қорғаңыз!

Балаларды қорғау күні – тек балалар үшін ғана қуанышты мереке емес, сонымен қатар қоғамға балаларының бақытты және сүйікті болып өсуі үшін балалардың құқығын қорғау қажеттігі туралы ескертпе.
Алда көптен күткен түрлі-түсті жаз, ал оның қандай оқиағалармен толықтырылатыны балалар мен ересектерге байланысты.
1 маусымда «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК балалары асфальтқа сурет салу байқауына қатысты. Барлық балалар «Раумэна» ЖШС тәтті сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер, нақты айтқанда Қазақстан Республикасының азаматтығын алу  мәселесі,  әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту мәселелері, оған қоса оралмандар санатындағы  азаматтардың  ұсынысы бойынша  «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде дөңгелек үстел өтті. Кездесуге   мемлекеттік органдарының  өкілдері - облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қоны бөлімінің өкілдері,  Рудный қаласының  ішкі істер басқармасының көші-қоны бөлімінің маманы, Рудный қалалық  тұрғын үй-коммуналдық бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  өкілдері,  Рудный индустриалдық институтының маманы қатысты.  Кездесу барысында  халықтың көші-қоны  жөніндегі заңнама бойынша, қаңдастарды жұмысқа орналастыру, білім алу,  мемлекеттік тұрғын үй қорынан  тұрғын үй алу мәселелері  бойынша түсініктемелер берілді. 

 

 

Назар аударыңыздар: Конкурс!

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» атты конкурс өткізеді. Конкурстың негізгі мағынасы – бизнес құрылымдардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және елдің дамуына қосқан үлесін жариялау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жариялау болып табылады.

Министрлік жанындағы комиссия ұсынылған материалдар негізінде жеңімпаздарды анықтайды және келесі номинациялары бойынша конкурс лауреаты атағын беру жөнінде шешім қабылдайды:

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» - бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (жалақы мен әлеуметтік төлемдерді, еңбек қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру, жаңа жұмыс орындарды ұйымдастыру және т.б.) жүзеге асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

«Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» - еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған үміткерлердің жұмысын қаралады.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын айтарлықтай жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» - үміткерлердің экологияға қосқан үлесіне бағытталған әрекеті қаралады.

Конкурсқа өз аумағының инфрақұрылымы мен әлеуметтік-мәдени саласының дамуына елеулі үлес қосатын жұмыс берушілер және әлеуметтік бағдарланған бизнес-құрамаларының өкілдері қатыса алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» қаулысымен бекітілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» конкурсын өткізу қағидалары adilet.zan.kz сайтында орналастырылған.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Пионер көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 7, 14 кабинеттерде қабылданады, қосымша ақпаратты 2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

Қаланың жұмыс берушілеріне осы конкурсқа қатысуды ұсынамыз.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"