Поиск

   

 


Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарлайды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығымен ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу жаңа нысаны бекітілді.

ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабы 2-тарм. сәйкес, жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті екенін есіңізге саламыз.

Қадағалау органдарының тарапынан тексеріс өткізу мүмкіндігіне байланысты, Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ басшының қолымен және мөрімен куәландырылған, белгіленген нысанға сәйкес өтінімді беру жолымен, бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуды сұрайды (Жүктеу). Өтінімді тел./факс 2-44-91, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., Пионер к-сі, 21, 9 кабинет мекенжай бойынша жіберуіңізге болады.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"