Басып шығару

 

 

 «Қазақстан – халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірге республиканың жұмыс берушілері арасында «Сенім – 2017» қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша жетінші конкурс жариялайды.

 Конкурс үш аталым бойынша өтеді:

  1. «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі»,
  2. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер»,
  3. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы»

Конкурсқа қатысу шарттары:

  1. «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесіне қолжетімділіктің болуы немесе 2016-2017 жылдарға «Қазақстанда еңбекті қорғау», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер» журналдарының біреуіне жазылушы болу.
  2. Еңбекті қорғау саласындағы жаңа әдістер мен технологиялар туралы ақпаратты қамтитын мақала ұсыну.
  3. Конкурсқа қатысу үшін толтырылған және 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынылатын сауалнама-өтінім.

Материалдарды және конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімдерін мына мекенжай бойынша жіберуге болады: 0500009, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, Радостовцев көшесінің қиылысы, 165б/72г, 712 кеңсе, «Еңбекті қорғау, кадрлар және іс жүргізу» бірлескен редакциясы, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және жіберілген құжаттарды және конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімін «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-нің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. электрондық мекенжайға жіберу қажет.

Конкурс, оған қатысу шарттары, іс-шараны өткізу уақыты мен орны жөніндегі ақпарат «Қазақстан – халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы» ЖШС-нің   www.mcfr.kz сайтында, сонымен қатар қосымша ақпаратты 2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

 Қаланың жұмыс берушілеріне осы Конкурсқа қатысуды ұсынамыз.