Поиск

   

Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 б. 2 т. сәйкес, жұмыс берушi бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді жазбаша нысанда, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті екенін естеріңізге салады.

Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсынбаған болса оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген 10 айлық есеп көрсеткіші көлеміндегі айыппұл салынады. Мәліметтер бос орын бар болған кезде ғана тапсырылады.

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған нысаны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығымен бекітілді.

Өтінім нысаны қоса беріледі, сонымен қатар оны rudsots.kz сайтында жүктеуге болады. Өтінімді Пионер к-сі, 21, 9 кабинет мекенжайға немесе тел./факс 2-44-91, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. e-mail-ға жіберуге болады.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"