Поиск

   

2018 жылы шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін басқа елдердің азаматтары болыптабылатын  жұмыскерлерді тартуға жоспарлап отырған жұмыс берушілерге 2017 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімге дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға негіздемені Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не      212 каб. ұсыну қажет.

Еңбекші-қоныстаушылар және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы Келісімге қатысатын мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік қызметкер жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тарту өтінім-негіздемесіне қосылмайды.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды алу жөніндегі ақпарат облыс әкімінің электронды қызметтер веб-сайтында e.kostanay.gov.kz мекенжайы бойынша және Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  электронды қызметтер zansoc.kostanay.gov.kz веб-сайтында, «Қызмет көрсету» бөлімінде орналасқан.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"