Басып шығару

Қазақстан Республикасының   2001 жылғы   23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  27-бабы 2-тармағына,  Қазақстан Республикасының   2001 жылғы  17 шілдедегі  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның  2-бабы  1-2-тармағына,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017 жылғы   16 маусымдағы  № 164 «2017 жылғы   3 тоқсанға  кедейшілік  шеті  көлемін белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігімен  2017 жылғы  3 тоқсанға арналған кедейшілік шеті облысымызда өткен тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленді.

Былай айтқанда,  Қостанай облысында  2017 жылғы 3 тоқсанға арнап белгіленгендер:  ең төменгі күнкөріс деңгейі – 21819 теңге, кедейшілік шеті – 8728 теңге.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығына сәйкес  18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау барысында өлшем  болып табылатын  азық-түлік себетінің  мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % құрып, 13091 теңгеге тең.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы өзгеріссіз қалып,  2269 теңге құрды.