Поиск

   

1. Тұрғын үй көмегіне кімдерге өтініш білдіруге болады?

Тұрғын үй көмегі үшін ай сайынғы коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді күтіп-ұстауға кететін, бекітілген нормалар шегіндегі шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының 10%-нан асатын отбасылар (азаматтар) өтініш білдіре алады. Тұрғын үй көмегі тұрақты тіркелген жері бойынша барлық тіркелген азаматтардың табыстарын есепке ала отыра рәсімделеді.

2. Тұрғын үй көмегін алу үшін қандай құжаттар қажет және оны қайда тапсыру керек?

Тұрғын үй көмегін алу үшін өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алуыңыз қажет:

• Өтініш иесінің және мекенжай бойынша тіркелгендердің барлығының жеке куәлігі;

• Өткен тоқсан бойынша азаматтың (отбасының) табыстарын растайтын құжаттар;

• Коммуналдық қызметтер үшін түбіртек-шоттар (жылу, су, кәріз, газ, электр жабдықталуы, қоқыс шығару);

• Байланыс қызметтерін көрсетуге арналған келісімшарт

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерін ұсыну коммерциялық емес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» (бұрынғы ХҚКО): Космонавт к. 12 (№1), Корчагин к. 76 (№2), Қашар кенті (№2 филиал) және де «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін рәсімдеу тәртібі.

Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде:

- жылу;

- ыстық және суық су жабдықталуы мен кәріз;

- электр энергиясы;

- газ;

- қоқыс төлемі;

- лифтті пайдалану;

- байланыс қызметтері, телефон үшін абоненттік төлемнің артуына қосымша ақылар;

- үйдің ағымдағы жөндеуіне және күтіп-ұстауға кететін шығындар (кондоминиум рәсімделген үйлерде);

- бекітілген нормалар шегінде үйдің күрделі жөндеу жасауға қаржы жинау бойынша шығындары есепке алынады.

Тұрғын үй көмегін рәсімдеу барысында тұрғын үй аумағының нормасы есепке алынады:

- отбасының бір мүшесіне – 18 м2 қажетті аумақ, отбасыға 9 м2 , көп бөлмелі пәтерде тұратындар үшін;

- бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - тұрғын үйдің жалпы аумағы;

- жалғыз тұратын азаматтар үшін - есепке 30 м2 алынады.

Электр энергиясын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100кВт және электр плиталары мен электрлік су жылытқыштары бар үйлерге 130 кВт есебімен жүргізіледі.

Тұрғын үй көмегін есептеу барысында есептеу құралдары бар үйлердегі коммуналдық қызметтерде келесі нормалар есепке алынады:

- ыстық сумен жабдықталуы – 3,65 м3;

- суық сумен жабдықталуы – 5,47 м3;

- кәріз (3,65+5,47) – 9,12 м3;

- газбен жабдықталуы - 10, 6 м3;

- байланыс қызметтері, телефон үшін абоненттік төлемнің артуына қосымша ақылар – 639,54 теңге, (2016 жылғы 1 қаңтардағы және 2004 жылғы 01 қазандағы тарифтер айырмашылығы. 1006,39 тг - 366,85 тг );

Толық ақпарат алу үшін «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2-45-02 телефоны бойынша жүгінуге болады, және де осындай

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"