Поиск

   

Құрметті жұмыс берушілер!

Заңсыз еңбек қатынастарын жібермеу және анықтау (жұмыскерлерді еңбек шартын жасамай жұмысқа қабылдау) мақсатында Рудный қаласында «Еңбек шартты жасаңыздар!» атты акция өтуде.

Өткізілген талдау қорытындылары бойынша негізінен заңсыз еңбек қатынастарға біліктілігі төмен жұмыскерлер ұшырайтынын көрсетеді, олар шағын және орта бизнес субъектілеріне жататын құрылыс кәсіпорындарында, сауда саласында, тамақтану және ауыл шаруашылықтарында жұмыс істейді. Одан басқа, ең осал жіктеріне тәжірибесі жоқ оқу орындарының түлектері - жастар жатады.

Сонымен бірге, Рудный қаласында азаматтардың дәрежесін заңдастыру бойынша жұмысты өткізіп, үйлерді аралап шыққанда нәтижесінде дәрежесі жоқ 7694 адам анықталды. Олардың ішінен 2745 адам жұмыс істеймін деп көрсетті, бірақ жұмыс берушілер олар үшін міндетті зейнеткерлік жарналарды (бұдан әрі – МЗЖ) және әлеуметтік төлемдерді (бұдан әрі – ӘТ) уақытында есептелмейді.

Заңдастырылмаған еңбек қатынастардың бар болуы жағымсыз жағдайлардың кешеніне әкеп соқтырады:

-азаматтар еңбек, зейнеткерлік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесі саласындағы кепілдіктерден, құқық қорғаудан және жаңадан енгізілетін міндетті медициналық сақтандырудан (бұдан әрі – МӘМС) айырылады;

-мемлекетке бюджетке салықтар түспеу түріндегі және т.б. зиян келдіріледі.

Бүгінгі таңда заңсыз жұмыспен қамту және оның салдарлары әлеуметтік-еңбек қатынастардағы маңызды проблема болып тұрғанын ескере отырып, жұмыс берушілерге еңбек шарттарды жасау, МЗЖ және ӘТ, МӘМС бойынша жарналарды уақытында төлеу бойынша шараларды қабылдау қажет.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 86-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін, еңбек шарттарды жасамау үшін жұмыс беруші 60 АЕК-тен 150-ке дейін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, Сізге жұмыскерлермен еңбек шарттарды уақытында жасау қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"