Поиск

   

«Қазақстан – халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірге республиканың жұмыс берушілері арасында «Сенім – 2018» қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша сегізінші конкурс жариялайды.

Конкурс үш аталым бойынша өтеді:

1. «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі»,

2. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер»,

3. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы»

 

Конкурсқа қатысу шарттары:

1. «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесіне қолжетімділіктің болуы немесе 2017-2018 жылдарға «Еңбекті қорғау.Қазақстан», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер» журналдарының біреуіне жазылушы болу.

2. Еңбекті қорғау саласындағы жаңа әдістер мен технологиялар туралы ақпаратты қамтитын мақала ұсыну.

3. Конкурсқа қатысу үшін толтырылған және 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынылатын сауалнама-өтінім.

Материалдарды және конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімдерді мына мекенжай бойынша жіберу қажет: 050009, Алматы қ., Шевченко к., Радостовцев көшесінің бұрышы, 165б/72г, оф. 712, «Еңбек қорғау, кадрлар және іс жүргізу» бірлескен редакциясы, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және жіберілген құжаттар мен конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімдерді «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-нің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. электрондық мекенжайына жіберу.

Қаланың жұмыс берушілеріне осы Конкурсқа қатысуды ұсынамыз.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"