Басып шығару

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, А1 буыны, 3 сатысы – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша жұмыс өтіліне байланысты 82468 теңгеден 99988 теңгеге дейін.

Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері Рудный қаласы, 8 Март көшесі, 50А үй, телефоны 5–53–42.

Мекеменің негізгі қызметі уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, халыққа және белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға бейімделуде, құжаттарды қалпына келтіруде жәрдем көрсету, жұмысқа орналасуда және уақытша және тұрақты тұрғын орнын іздеуде консультациялық көмек көрсету болып табылады.

Директордың қызметтік міндеттері: Мекеменің Жарғысына сәйкес мекеменің қызметін басқару.

Конкурсқа қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар: білімі – жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі): әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл немесе экономиканың басқа салаларында басшы лауазымдарында кемiнде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы. Конкурс «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар үшін әңгіме жүргізу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы», «Қазақсатн Республикасындағы тілдері туралы» Заңдарын қамтиды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не сағат 9–00-ден бастап 18–00-ге дейін мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Рудный қаласы, Пионер көшесі, 21 үй, № 19 кабинет. Анықтама үшін телефондар: 2–45–05.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдауды басталатын күні конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру күннен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жариялау күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң айқындалады.

Конкурс 2017 жылғы 7 сәуірде сағат 10–00-де Рудный қаласы, Пионер көшесі, 21 үй мекенжай бойынша орналасқан «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратының № 18 кабинетінде өткізіледі.