Поиск

   

Қазақстан Республикасының  1997 жылғы  16 маусымдағы  № 126 «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» және  1999 жылғы   5 сәуірдегі  № 365 «Қазақстан Республикасындағы  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңдарына сәйкес азаматтарға мүгедектігі туындаған кезде бюджеттік қаражаты есебінен мемлекеттік базалық меамлекеттік жәрдемақы (мемәлеумжәрдемақы) және  арнаулы  мемлекеттік жәрдемақы (арнмемжәрдемақы)  ай сайынғы ақшалай төлемдер жүзеге асырылады. Мүгедек болып танылған  16 жасқа дейінгі  балаларға  «мүгедек бала» деген санаты  белгіленеді, ал  16 жастан  18 жасқа дейінгі тұлғаларға  ағза  функциясының  бұзылған  дәрежесіне байланысты  бірінші, екінші, үшінші топтағы  «мүгедек бала» деген  санаты белгіленеді.

Мүгедектігі бар балаларды  тәрбиелеп отырған  ата-аналарға жәрдем көрсету үшін  мүгедек  балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметі әрекет етеді.

Мүгедектігі бар балаларды  тәрбиелеп отырған  ата-аналардың 1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып,  психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау мүмкіндігі бар. Мүгедектігі бар балаларды  тәрбиелеп отырған  тұлғаларға психологиялық кеңесті Қазақстан – Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты  1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз қалалық және  мобильді  телефондары арқылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау  шалу - тегін.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"