Поиск

   

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсыныстарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу үшін уақытында өтініш білдіру қажет екенін хабарлайды:

1. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

2. Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

3. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

4. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

5. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу;

6. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

7. Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"