Поиск

   

«Қауырт желі» 2-45-03 телефоны арқылы азаматтар еңбек заңнамасы саласындағы барлық бұзушылықтар туралы, жалақыны «конвертпен» алуға мәжбүр ететін жұмыс берушілері туралы және жұмыскерлерге міндетті зейнеткерлік жарналарды аудармайтын кәсіпорындар басшылары туралы хабарлай алады.

Қазақстан Республикасының  1997 жылғы  16 маусымдағы  № 126 «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» және  1999 жылғы   5 сәуірдегі  № 365 «Қазақстан Республикасындағы  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңдарына сәйкес азаматтарға мүгедектігі туындаған кезде бюджеттік қаражаты есебінен мемлекеттік базалық меамлекеттік жәрдемақы (мемәлеумжәрдемақы) және  арнаулы  мемлекеттік жәрдемақы (арнмемжәрдемақы)  ай сайынғы ақшалай төлемдер жүзеге асырылады. Мүгедек болып танылған  16 жасқа дейінгі  балаларға  «мүгедек бала» деген санаты  белгіленеді, ал  16 жастан  18 жасқа дейінгі тұлғаларға  ағза  функциясының  бұзылған  дәрежесіне байланысты  бірінші, екінші, үшінші топтағы  «мүгедек бала» деген  санаты белгіленеді.

Мүгедектігі бар балаларды  тәрбиелеп отырған  ата-аналарға жәрдем көрсету үшін  мүгедек  балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметі әрекет етеді.

Мүгедектігі бар балаларды  тәрбиелеп отырған  ата-аналардың 1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып,  психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау мүмкіндігі бар. Мүгедектігі бар балаларды  тәрбиелеп отырған  тұлғаларға психологиялық кеңесті Қазақстан – Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты  1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз қалалық және  мобильді  телефондары арқылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау  шалу - тегін.

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсыныстарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу үшін уақытында өтініш білдіру қажет екенін хабарлайды:

1. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

2. Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

3. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

4. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

5. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу;

6. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

7. Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу.

Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ шәкіртақы төлемімен тегін қысқа мерзімді кәсіби оқуын өткізеді.

Басқа қаладан келген азаматтарға тұруға материалдық көмек көрсетіледі.

Оқыту мамандықтары: электрогаздәнекерлеуші, сілесір-жөңдеуші, шаштаразшы-модельер, өрлеу мен құрылыс жұмыстарының шебері, кондитер, тігінші-универсал, хатшы-референт, байыту өңім бақылаушы, қалыптаушы, бөлшектеуші, аспазшы, электрұста, бақылаушы-кассир, экономист-бухгалтер, электржөңдеуші, бұрғылау орнату машинисі, конвейер машинисі, химикалық талдау зертханашы, балқытушы.

Пионер көшесі, 21 үй, 12 кабинет, телефон 2-44-94.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен (бұдан әрі – Заң жобасы) жаңа құқықтық режимі - Бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) енгізілуі ескеріледі, ол салық органдарда бейресми жұмыспен қамтылғандардың еңбегін жеңілдікпен тіркеу режимін көздейді.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"