Поиск

   

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, А1 буыны, 3 сатысы – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша жұмыс өтіліне байланысты 82468 теңгеден 99988 теңгеге дейін.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабы 1-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017 жылғы 02 қазандағы № 168 «2017 жылғы 4 тоқсанға кедейшілік шеті көлемін белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігімен 2017 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейшілік шеті облысымызда өткен тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленді.

Былай айтқанда, Қостанай облысында 2017 жылғы 4 тоқсанға арнап белгіленгендер: ең төменгі күнкөріс деңгейі – 23405 теңге, кедейшілік шеті – 9362 теңге.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау барысында өлшем болып табылатын азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % құрып, 14043теңгеге тең.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы өзгеріссіз қалып, 2269 теңге құрды.

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенованың бұйрығымен Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары бекітілгенін (бұдан әрі-Бұйрық) хабарлайды. Қазіргі кезде Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуде.

Осы қағидалармен мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен оның шарттары белгіленген. Субсидия алу үшін жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына мүгедектер үшін жабдықталған (жарақталған) арнайы жұмыс орындарының санын көрсете отырып өтінім ұсынады. Өтінімге: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік көшірмесі; арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығындар сметасы қоса беріледі.

Жұмыс берушілерге субсидиялар олар мынадай шарттарды сақтаған кезде ұсынылады:

1) құрылып жатқан арнайы жұмыс орындарының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен бекітілген Мүгедектің жұмыс орны стандарттарына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелді), сондай-ақ «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны әзірлейтін ұлттық стандарттарға сәйкес келу;

2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орнын құрған сәттен бастап он екі күнтізбелік айдан кем емес мерзімге сақтау;

3) есептелген салықтар, алымдар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша берешек болмау;

4) жұмыс берушіде еңбекақыны төлеу бойынша берешек болмау;

5) жұмыс беруші құрылған арнайы жұмыс орындарында еңбекақыны атқарып отырған лауазымына сәйкес мөлшерде төлеу.

 

Жоғарыда айтылғанның негізінде, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын әзірлеу және халықты жұмыспен қамту мақсатында меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілеріне 2018 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін қарауды ұсынамыз.

Субсидия алуға арналған өтінімді, немесе дәлелденген бас тартуды 2017 жылғы 1 қарашаға дейін Пионерская көшесі, 21 мекенжай бойынша орналасқан Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ № 9 каб., немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекенжайға ұсыну қажет, факс 2-44-91.

Қосымша: 21 бетте.

1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары, 13 бетте;

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 «Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы, 11 бетте.

Приложение 1

Приложение 2

Рудный қаласының жобасы Қазақстан Республикасы бойынша Үздік әлеуметтік жоба сайысына қатысуда. БАРШАҒА ЖҰМЫС! - бұл мүгедектерге арналған кепілді жұмыс орындар, мүмкіндігі шектеулі адамдар еңбек ететін және тұрғындарға арналған авто жөндеу қызметтерін көрсететін әлеуметтік кәсіпорын.

БІЗДІҢ ЖОБАҒА ДАУЫС БЕРІҢІЗДЕР! Рудныйлықтарды қолдаңыздар!

http://www.enbek.gov.kz/ru/node/345748

Сіздерді  «Еңбек Жолы»  республикалық конкурсының қатысушыларына онлайн дауыс беруге қатысуға шақырамыз!

Қостанай облысы әкімдігінің  kostanay.gov.kz сайтында үш номинация бойынша әрбіреуге қолжетімді  конкурстың әрбір қатысушыға онлайын-дауыс беруге  өткізетін  дауыс беруге үндеумен «Еңбек Жолы»  республикалық конкурсының өткізілуі туралы  баннер  орналастырылған.

Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыс  алған әрбір номинация бойынша  көш бастаған үштік анықталады (барлығы  9 үміткер). Онлайн-дауыс беруі 2017 жылғы   1 тамыздан бастап 31 тамызға дейін жалғасады.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"