Поиск

   

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қоғамдағы еңбек адамның абыройын арттыру, жалпыға бірдей еңбек Қоғамын құру идеясы аясында еңбек өнімділігін көтеруге  ынталандыру  мақсатында республикалық «Еңбек жолы» конкурсының басталғандығы туралы хабарлайды.

Конкурсқа кәсіпорынның барлық жұмыскерлері қатыса алады (әр салаға қарамастан), Конкурс критерийлеріне сәйкес келесі номинациялар болады:

«Үздік еңбек династиясы» - ең ұзақ еңбек өтілімімен бірнеше марапаттауы бар ең көпжылдық династия таңдалады.

«Өндірістің үздік жас жұмысшысы» -5 жылдан кем емес еңбек өтілімімен өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

«Жұмысшы жастың үздік жетекшісі» -20 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар ең жоғары нәтижелі жетекші таңдалады.

«Еңбек жолы»  конкурсына қатысуға арналған  өтінімдер Пионер көшесі,  21 мекенжайы бойынша орналасқан  «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 26 кабинетте қабылданады, қосымша ақпаратты  2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

2018 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін  квота белгілеу жөніндегі ұсыныстардың әзірлеуіне байланысты «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Рудный қаласының еңбек нарығында жұмыс  күшіне  ағымдағы сұранысқа және ұсынысқа  талдау мен болжау  өткізеді.

Осыған байланысты барлық меншік нысандарының жұмыс берушілеріне қосымшаға сәйкес This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. электрондық мекенжайға ақпаратты ұсыну қажет.

Қосымша ақпаратты Пионер көшесі, 21 мекенжай бойынша «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде  № 26  кабинетте немесе 2-44-92  телефоны арқылы алуға болады.

қосымшаны көшіріп алу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы  «Парыз» атты конкурс өткізеді. Конкурстың негізгі мағынасы – бизнес құрылымдардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және елдің дамуына қосқан үлесін жариялау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жариялау болып табылады.

Министрлік жанындағы комиссия ұсынылған материалдар негізінде жеңімпаздарды анықтайды және келесі номинациялары бойынша конкурс лауреаты атағын беру жөнінде шешім қабылдайды:

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» - бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (жалақы мен  әлеуметтік төлемдерді, еңбек қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен  қайта даярлауды ұйымдастыру, жаңа жұмыс орындарды ұйымдастыру және т.б.)  жүзеге асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

«Еңбек қорғау саласындағы  үздік кәсіпорын» - еңбек жағдайларын  жақсартуға бағытталған үміткерлердің жұмысын қаралады.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасымен  ескерілген жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын айтарлықтай жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» - үміткерлердің экологияға қосқан үлесіне бағытталған  әрекеті  қаралады.

Конкурсқа өз аумағының инфрақұрылымы мен әлеуметтік-мәдени саласының дамуына елеулі үлес қосатын жұмыс берушілер және әлеуметтік бағдарланған бизнес-құрамаларының өкілдері қатыса алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» қаулысымен бекітілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы  «Парыз» конкурсын өткізу қағидалары  adilet.zan.kz  сайтында орналастырылған.

Конкурсқа қатысуға арналған  өтінімдер Пионер көшесі,  21 мекенжайы бойынша орналасқан  «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 26 кабинетте қабылданады, қосымша ақпаратты  2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

Қаланың жұмыс берушілеріне осы конкурсқа  қатысуды ұсынамыз.

26 сәуірде қалалық БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ  өткізіледі.

ІС-ШАРАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА:

- қаланың жұмыс берушілерімен және кадрлар қызметтерінің өкілдерімен  әңгімелесу;

- облыстың және қаланың бос жұмыс орындар дерекқоры, жұмыспен қамту орталығынан жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасына қатысу жағдайлары мен мүмкіндіктері жөнінде консультациялау: жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, кәсіпкерлік бастаманы қолдау (микрокредит беру), кәсіби және техникалық оқыту.

Барлықтарыңды «Балалар мен жастардың  шығармашылығын дамыту сарайы» КМҚК-да сағат  10.00 бастап 12.00 дейін күтеміз.

Қазақстан Республикасының   2001 жылғы   23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  27-бабы 2-тармағына,  Қазақстан Республикасының   2001 жылғы  17 шілдедегі  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның  2-бабы  1-2-тармағына,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017 жылғы   15 наурыздағы  № 30 «2017 жылғы   2 тоқсанға  кедейшілік  шеті  көлемін белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігімен  2017 жылғы  2 тоқсанға арналған кедейшілік шеті облысымызда өткен тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленді.

Былай айтқанда,  Қостанай облысында  2017 жылғы  2 тоқсанға арнап белгіленгендер:  ең төменгі күнкөріс деңгейі – 20471 теңге, кедейшілік шеті – 8188 теңге.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығына сәйкес  18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау барысында өлшем  болып табылатын  азық-түлік себетінің  мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % құрып, 12283 теңгеге тең.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы өзгеріссіз қалып,  2269 теңге құрды.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"