Поиск

   

 

 «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарлайды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығы негізінде экономикалық қызметтің барлық түрін жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтерді ұсынады (Жуктеу).

Нысан жыл сайын 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша жылына екі рет ұсынылады.

Қосымша ақпаратты Пионер көшесі, 21 мекенжай бойынша «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде 7, 14 кабинеттерде немесе 2-4-92, 2-44-95 телефондары арқылы алуға болады.

 

 

 

Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу жөніндегі ұсыныстардың әзірлеуіне байланысты «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Рудный қаласының еңбек нарығында жұмыс күшіне ағымдағы сұранысқа және ұсынысқа талдау мен болжау өткізеді.

Осыған байланысты барлық меншік нысандарының жұмыс берушілеріне  қосымшаға сәйкес This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. электрондық мекенжайға ақпаратты ұсыну қажет (Жүктеу).

Қосымша ақпаратты Пионер көшесі, 21 мекенжай бойынша «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 7, 14 кабинеттерде немесе 2-44-92, 2-44-95 телефондары арқылы алуға болады.

 


Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарлайды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығымен ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу жаңа нысаны бекітілді.

ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабы 2-тарм. сәйкес, жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті екенін есіңізге саламыз.

Қадағалау органдарының тарапынан тексеріс өткізу мүмкіндігіне байланысты, Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ басшының қолымен және мөрімен куәландырылған, белгіленген нысанға сәйкес өтінімді беру жолымен, бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуды сұрайды (Жүктеу). Өтінімді тел./факс 2-44-91, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., Пионер к-сі, 21, 9 кабинет мекенжай бойынша жіберуіңізге болады.

 

 

Интернетке қолжетімділігі және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦК) болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы:

  • Бала тууына және бала бір жасқа жеткенге дейін оның күтімі бойынша жұмыс істемейтін, онымен қатар жұмыс істейтін азаматтарға жәрдемақыны;
  • Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны;
  • Мемлекеттік базалық зейнетақылык төлімдіҢ
  • Жұмысынан айырылған жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді тағайындауға үндеу жасау мүмкіндік бар.

ЭЦҚ-ны ХҚКО жеке куәлігін ұсынған және флеш-жинақтауыш болған кезде иелендіреді. Өтініш берушіге тек қана электрондық өтінішті толтыру қажет және өз үндеуінің қарастыру барысын өзі қадағалай алады. ЭҮП арқылы жоғарыда айтылған қызметтерді ХҚКО бөлімшелерінде алуға мүмкін, ХҚКО қызметкерлері төлемді тағайындауға электрондық үндеуді қалыптастыруға көмектеседі. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша толық ақпарат «электрондық үкімет» www.egov.kz интернет ресурсында орналасқан.

 

 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жұмыс берушінің қызметін декларациялау рәсімі енгізілді – кәсіпорынның қызметін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының тиісті талаптарына сәйкес келетіне тану рәсімі. Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай деп танылған жұмыс берушілерге Сенім сертификаты тапсырылады. Сенім сертификатының иегері – жұмыс берушіге қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.
Сертификат алу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларымен» белгіленген.
Қосымша ақпарат алу үшін Пионер көшесі, 21 мекенжай бойынша орналасқан «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не өтініш білдіруге болады, № 14 каб. тел. 2-44-92, № 8 каб. тел 2-44-95.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"