Поиск

   

Сіздерді  «Еңбек Жолы»  республикалық конкурсының қатысушыларына онлайн дауыс беруге қатысуға шақырамыз!

Қостанай облысы әкімдігінің  kostanay.gov.kz сайтында үш номинация бойынша әрбіреуге қолжетімді  конкурстың әрбір қатысушыға онлайын-дауыс беруге  өткізетін  дауыс беруге үндеумен «Еңбек Жолы»  республикалық конкурсының өткізілуі туралы  баннер  орналастырылған.

Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыс  алған әрбір номинация бойынша  көш бастаған үштік анықталады (барлығы  9 үміткер). Онлайн-дауыс беруі 2017 жылғы   1 тамыздан бастап 31 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік сақтау министрлігі  Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласын және Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін жаңғыртуды одан әрі тереңдету тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Жобаны талқылау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылған (www.enbek.gov.kz в разделе «Форум»), ол жерде Интернет-ресурсының келушілері Концепция жобасы бойынша өз пікірлерін тастай алады.

(скачать)

Қазақстан Республикасының   2001 жылғы   23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  27-бабы 2-тармағына,  Қазақстан Республикасының   2001 жылғы  17 шілдедегі  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның  2-бабы  1-2-тармағына,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017 жылғы   16 маусымдағы  № 164 «2017 жылғы   3 тоқсанға  кедейшілік  шеті  көлемін белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігімен  2017 жылғы  3 тоқсанға арналған кедейшілік шеті облысымызда өткен тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленді.

Былай айтқанда,  Қостанай облысында  2017 жылғы 3 тоқсанға арнап белгіленгендер:  ең төменгі күнкөріс деңгейі – 21819 теңге, кедейшілік шеті – 8728 теңге.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығына сәйкес  18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау барысында өлшем  болып табылатын  азық-түлік себетінің  мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % құрып, 13091 теңгеге тең.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы өзгеріссіз қалып,  2269 теңге құрды.

2018 жылы шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін басқа елдердің азаматтары болыптабылатын  жұмыскерлерді тартуға жоспарлап отырған жұмыс берушілерге 2017 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімге дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға негіздемені Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не      212 каб. ұсыну қажет.

Еңбекші-қоныстаушылар және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы Келісімге қатысатын мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік қызметкер жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тарту өтінім-негіздемесіне қосылмайды.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды алу жөніндегі ақпарат облыс әкімінің электронды қызметтер веб-сайтында e.kostanay.gov.kz мекенжайы бойынша және Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  электронды қызметтер zansoc.kostanay.gov.kz веб-сайтында, «Қызмет көрсету» бөлімінде орналасқан.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған   іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016-2018 жылдар) іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 2017 жылы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсын өткізеді.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"