Поиск

   

 

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмыссыздарды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалақысы жартылай өтелетін әлеуметтік жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады.  


Соңғы үш жыл ішінде диплом алған білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін алған мамандығы бойынша ақылы жастар практикасына бағытталады.


Рудный қаласының жұмыс берушілерімен мәлімделген бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетіледі.
Пионер к-сі, 21, каб. №11,12. Телефондары: 2-44-94, 2-41-61, 2-44-91.

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде  азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысымен Қостанай облысы Оралмандар мен көшіп келушілерді орналастыру өңірі болып анықталды.
Осыған байланысты Рудный қаласында мемлекеттік қолдау оралмандар отбасыларының көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді орын алған  қоныс аудару  және жұмысқа орналасу (нақты қоныс аударғандар) фактісі бойынша да, жоспарлы қоныс аудару фактісі (әлеуетті қоңыс аудару) бойынша да көрсету жоспарланған.
Толық ақпаратты Пионер к-сі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан  Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ № 12 каб.,                    2-44-94 телефоны арқылы ала аласыз.

Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ шәкіртақысы  төленетін тегін қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдауды жүргізеді.
Қалада тұрмайтындарға жол жүруге және тұруға материалдық көмек төленеді.
Оқу кәсіптері: басқару пультінің операторы, диірмен машинисі, аспазшы, шаштараз-модельер, бақылаушы-кассир, электргаздәнекерлеуші, слесарь-жөндеуші, кезекші және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрослесар, пішуші, бухгалтер, референт-хатшы.
Пионер к-сі, 21, 11 кабинет, телефон 2-44-94.

 

 

«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының  2016 жылғы  29 қарашадағы  № 25-VІ Заңының  7-бабына сәйкес 2017 жылғы  1 қаңтардан бастап мынадай  есептік мөлшерлемелер бекітілді:
•    Жалақының ең төмен мөлшерi – 24 459 теңге;
•    Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 28 148 теңге;
•    Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 12 802 теңге;
•    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы (ЗТМО жәрдемақыларды есептек үшін қолданылады) – 24 459 теңге;
•       Жәрдемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 269 теңге.

Қостанай облысының әкімдігімен  2016 жылғы  1 тоқсанға арналған кедейшілік шеті облысымызда өткен тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленді.
Былай айтқанда,  Қостанай облысында  2017 жылғы  1 тоқсанға арнап белгіленгендер:  ең төменгі күнкөріс деңгейі – 20 325 теңге, кедейшілік шеті – 8 130 теңге.
18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау барысында өлшем  болып табылатын  азық-түлік себетінің  мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % құрып, 12 195 теңгеге тең.

 

 

 «Қазақстан – халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірге республиканың жұмыс берушілері арасында «Сенім – 2017» қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша жетінші конкурс жариялайды.

 Конкурс үш аталым бойынша өтеді:

  1. «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі»,
  2. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер»,
  3. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы»

Конкурсқа қатысу шарттары:

  1. «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесіне қолжетімділіктің болуы немесе 2016-2017 жылдарға «Қазақстанда еңбекті қорғау», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер» журналдарының біреуіне жазылушы болу.
  2. Еңбекті қорғау саласындағы жаңа әдістер мен технологиялар туралы ақпаратты қамтитын мақала ұсыну.
  3. Конкурсқа қатысу үшін толтырылған және 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынылатын сауалнама-өтінім.

Материалдарды және конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімдерін мына мекенжай бойынша жіберуге болады: 0500009, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, Радостовцев көшесінің қиылысы, 165б/72г, 712 кеңсе, «Еңбекті қорғау, кадрлар және іс жүргізу» бірлескен редакциясы, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және жіберілген құжаттарды және конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімін «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-нің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. электрондық мекенжайға жіберу қажет.

Конкурс, оған қатысу шарттары, іс-шараны өткізу уақыты мен орны жөніндегі ақпарат «Қазақстан – халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы» ЖШС-нің   www.mcfr.kz сайтында, сонымен қатар қосымша ақпаратты 2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

 Қаланың жұмыс берушілеріне осы Конкурсқа қатысуды ұсынамыз.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"