Поиск

   

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

Қазақстан 2008 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы Халықаралық конвенциясына қол қойды. Мүгедектердің құқықтары туралы Халықаралық конвенциясына сәйкес нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілді, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған   іс –шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді, осы жоспардың үшінші кезеңі әрекет етуде. Жоспарда мүгедектерге жұмысқа орналастыруда, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуде, ақпаратқа, ойын-сауық пен спорт іс-шараларына қолжетімділігінде, қоғамның саяси өміріне қатысуда жағдай жасау жөнінде нақты бағыттар айқындалды. Біз бәріміз осы жоспарларды тездетіп жүзеге асырылуына жәрдемдесуге міндеттіміз. Осы бағыттағы жұмысты үйлестіру үшін қалада мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссия құрылды, оның кезекті отырысы 2016 жылғы   30 қарашада Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В.Скарединаның төрағалығымен өтті. Осы отырыста 2016 жылы бойынша мүгедектердің өмірін жақсарту мәселелері жөнінде жұмыс қорытындылары шығарылды, болашаққа арналған міндеттер қойылды.

Қостанай облысы бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жоспарға сәйкес 2016 жылы әлеуметтік инфрақұрылымның 20 объектісін бейімделуге қажет еді. Тапсырма 100 %-ға орындалды. Қоғамдық бақылау жөніндегі штабымен осы объектілердің қолжетімділігінің стандарттарға және құрылыс нормаларына сәйкес келуіне бақылау жүзеге асырылды. Штабқа қоғамдық бірлестіктер төрағалары: қалалық мүгедектер қоғамының, зағиптар қоғамының, қалалық ардагерлер қоғамының және т.б. кіреді. Олар қолжетімді болып есептелетін объектілерге рейдтер өткізеді, егер объектілерде ескертулері болса, оларды жасайды, кейін олардың орындалуын бақылайды.

Бірақ проблема тек қана пандустарда емес, жайдың ішінде мүгедектер үшін кедергісіз ортаны құруда, кіреберісте және жүру жолдарында бағдарлы белгілерді орналастыруда, санитарлық аймақтарды жабдықтауда және т.б. Одан басқа, жеке кәсіпкерлер мүгедектер мен халықтың икемділігі аз басқа топтары үшін қолжетімді объектілерді жасауға, немесе бар болған объектілерді бейімделуге міндетті екенін естен шығаруға болмайды. Көбісі пандусқа ұқсас құралмен шектелмейтінін түсінді. Осы проблеманың маңыздылығы және қажеттілігі қоғам мүшелерінің есінде белгілі бір орын алғаны анық. Бірінші кезекте кедергісіз ортаны мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда құру қажет. Сонымен қатар осы талапты жеке кәсіпкерлерге де қою қажет. Бүгінгі таңда қалада әлеуметтік инфрақұрылымның               85 объектісі бейімделген.

Объектілерді мүгедектер мұқтаждығына бейімделу барысындағы кейбір жағдайларға шағын және орта бизнес өкілдерінің назарын аудару жөн. Жобалау-сметалық есептерді құру барысында нақты кедергісіз ортаны құру қажеттілігін ескеру қажет, міндетті түрде мыналар жабдықталуы тиіс: кіру жолдары, пандустар, кіреберіс топтары, жайдың ішіндегі жүру жолдары, санитарлық аймақтары. Ойықтар ені, ұзындығы, биіктігі құрылыс нормаларына сәйкес келуі қажет. Есіктерде арнайы белгілері болуы тиіс. Қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша қайта құруды немесе жөндеуді жүзеге асыру барысында жұмысты өз бетімен қатаң бақылау қажет. Көбінесе мына жағдайлар орын алады: сметашы есептерге бір нәрсені қосуды ұмытып қалды, немесе оны қажет емес деп ойлады, немесе мердігер өз бетімен ойланып шығыстарын арзандатқысы келген. Сондықтан барлық объектілердің басшылары мен иелеріне айтқым келгені - объектілерді бейімделудің барлық кезеңдерде Сіздің тарабыңыздан қатаң бақылау қажет. Кейбір кәсіпкерлердің ұстанымы таң қалдырады - еңіс бұрышы ақылға сыймайтын пандусқа ұқсаған бірдемені салып, тынышталу. Ал проблема сол күйінде қалады және оның шешімі қосымша шығындарды қажет етеді. Онда бірден бәрін дұрыстап жасау дұрыс емес пе! Осы мәселеге Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында ерекше назар аударды. Одан басқа мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманы орындамағаны үшін айыппұл салу түріндегі ықпал жасаудың пәрменді тетігі бар: лауазымды тұлғаларға 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК салынады. Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық ұстанымы айтарлықтай өсті. Сондықтан егер мүгедек қандай болса да жайдың ішіне кіре алмай, осы мекеменің басшысына немесе жеке объектінің басшысына сотқа шағым берсе, онда соттың шешімі қандай болатыны жоғарыда көрсетілген.

Әрине, Рудный қаласында мүгедектердің өмір сапасын жақсарту бойынша жұмыс өткізіледі. Екпіндер қарқынды болмаса да, атқарылған жұмыстар аз емес. Міндеттер қойылды, оларды шешу жолдары белгіленді - орындау ғана қажет. Бірнеше жыл бұрын жоспарланғанды жүзеге асыру мүмкін емес болып көрінсе, бүгінгі таңда біз нәтижелерін көріп отырмыз. Ал ол шабыттандырады.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"