Поиск

   

 

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық
партиясының Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы форумында сөйлеген сөзінен
Мемлекеттік қызметшілер келесі нормаларды басшылыққа алуы тиіс:

1. Ол берілген билік пен өкілеттікті қолдана білуі қажет және сонымен қатар әділетті болуы керек.
2 . Мемлекеттік қызметте жеке бастың қамы емес, мемлекет игілігі үшін жұмыс атқаруы тиіс, мемлекет қаражатын жеке қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек, яғни, оның үлкен қоршаулары бар виллалары мен қымбат шетел көліктерінің суреттерінің шығуына негіз болмауы керек.
4. Заң талаптарына толық сай өмір сүрудің маңызы зор.
5. Кез–келген орында, кез-келген лауазымда қандай жағдайда болмасын халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпайтындай қызмет атқару керек.
6. Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі әділеттілік пен сыпайылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
7. Ұжымды басқармас бұрын, оның өзі де бағынуды үйренуі керек, қызметкерлерінен нені талап етсе, өзі соны атқара білуі тиіс.
8. Мемлекет мүдделеріне зиян келтіріліп немесе жемқорлық әрекеттер дайындалып жатқанын көрсе, оған дереу кірісіп, шаралар қолдануы керек.

 

 

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
      Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
      Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.
      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
      Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
      3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
      4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс.

 

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"