Поиск

   

 

 

2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Бүгінгі таңда Елбасының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында әлеуметтік қызметтер мен көмек алушы арасындағы әлеуметтік келісімшарт негізінде қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

СҰРАҚ: Жаңа Заң қашаннан бастап қолданылатын болады? Және онда қарастырылған жаңа ережелердің қазіргі кезде қолданылып отырған жүйеден қандай айырмашылығы бар?

ЖАУАП:
Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін кейбір төлемдердің оңтайландыруын көздейді. Бүгінгі таңда қолданылатын: атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы және төрт не одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы бір жәрдемақы түріне біріктіріледі - жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек болады. Осы орайда аталған көмекті көрсету үшін шекті деңгейін ең төменгі көркөріс деңгейінің 40 %-дан 50%-ға дейін көбейтеді. Бүгінгі таңда Қостанай облысы бойынша ең төменгі көркөріс деңгейінің 40 % 7808 теңге құрайды. Ал болатыны ең төменгі көркөріс деңгейінің 50 % және 9760 теңге құрайтын болады. Нәтижесінде алушылар шеңбері кеңейеді, соған сәйкес отбасының әрбір мүшесіне арналған атаулы әлеуметтік көмектің көлемі де ұлғаяды.

СҰРАҚ: 2018 жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің екі нысаны болады. Олардың ерекшеліктері неде?

ЖАУАП:
Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек 2 түрге бөлінеді: шартты және шартсыз ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек – зейнеткерлік жасына, 1-2 топтағы мүгедектігіне, екі айға дейін уақытша еңбекке қабілетсіздігі уақытында аурудың болуына, 7 жасқа дейінгі баланың күтуіне немесе басқа да әлеуметтік әлсіздікке байланысты дәлелді себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтындарға тағайындалатын болады.
Шартты ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу жағдайымен және отбасының әрбір мүшесінің жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-дан аспайтын немесе 9760 теңге құрайтын болса еңбекке қабілетті азаматтарға немесе олардың отбасыларына тағайындалатын болады. Ең бастысы – ақшалай көмек алушылардың өмір деңгейін арттыруымен байланысты іс-шараларға ғана пайдалануы тиіс. Тағы да бір жақсы жағы аз қамтылған отбасыларға жәрдемақы тағайындаудың қолданыстағы тоқсан сайынғы кестенің орнына мемлекет әлеуметтік көмекті әлеуметтік келісімшарттың әрекет ету мерзіміне, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға төлейді.

СҰРАҚ: Қазіргі кезде «Өрлеу» жобасы енгізілуде. 2015 жылы ол бастау алды, жеке айтқанда Қостанай қаласында, Ұзынкөл және Қостанай аудандарында әрекет етеді, оны бүкіл Қазақстан бойынша енгізуге жоспарлайды. Оның мақсаты неде және ол кімдерге қажет?

ЖАУАП:
Елдің саясаты – Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының өмір сапасын жақсарту, бірақ аз қамтылған азаматтар санатына ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда халықтың осы санатын қолдау үшін тұрғын үй көмегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы және жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек бар. Бірақ әлеуметтік қолдаудың осы түрлері негізінен алушылардан белсенді қатысуды талап етпейді.
Қазақстан Республикасының Президенті өз баяндауында былай деп айтты: «Мемлекеттік әлеуметтік саясаты егер ол жұмыс орындарын құруға және еңбекке қабілетті халықты елдің экономикасына қатыстыруға бағытталатын болса ғана тиімді болады.» «Өрлеу» жобасы сондай болады.
Жобаның мақсаты: өмір сүру деңгейі кедейшілік шетінен төмен тұрған отбасылардың нақты табысын арттыру, оларды өз бетімен қамсыздану деңгейіне шығуына әсер ететін әлеуметтік бейімделу. Жобаны тәжірибелі түрде енгізудің мәні – мемлекеттен тек қолдау алып, енжарлықтан кетіп, отбасының жұмыс істегісі келетін, өз ісін ашқысы, ауыл шаруашылығын ұйымдастырғысы келетін жұмыссыз мүшелері бар, бірақ олар осы жоспарларды жүзеге асыруда кедергілерден өту үшін көмекке және сүйелдемеуге мұқтаж отбасылардың белсенді позициясына ауысу.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"