Поиск

   

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2018 жылғы 01 шілдеге жұмыс нәтижесі

2018 жылы Рудный қаласының азаматтарын әлеуметтік қорғау үшін барлық бағдарламаларды жүзеге асыруға 775 267 мың теңге қаржы бөлінді.

2018 жылы Рудный қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру үшін республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден 285 129,0 мың теңге бөлінді.

2018 жылғы 1 шілдеге Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша 1 500 адам өтініш білдірді. Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 798 адам бар болған бос жұмыс орындары бойынша бірден тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты бірінші бағытты жүзеге асыруға 2018 жылы қаржыландыру 38 280,0 теңгені құрды. 2018 жылғы ІІ тоқсан бойынша 18 947,5 мың теңге игерілді, ол бөлінген соманың 49,5 % құрайды. Кәсіптік даярлау курстарынан өтуге ағымдағы жылдың 19 сәуірінен бастап 52 адам кірісті.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты екінші бағытын іске асыру үшін 115 565,0 теңге бөлінді. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдайға 1 адам жалпы сомасы 9 400,0 мың теңге микрокредит алды.

2018 жылы «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына 18 760,0 мың теңге бөлінді. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 143 адам жіберілді. 6 100,0 мың теңге игерілді, бұл бөлінген қаражаттың 32,5 % құрайды.

2018 жылы жастар практикасын ұйымдастыруға 1 070,0 теңге бөлінді. 2018 жылғы 1 шілдеге жастар практикасына 21 адам жіберілді. 3 847,0 мың теңге игерілді, бұл бөлінген қаражаттың 27,3 % құрайды.

2018 жылдың басынан бастап қоғамдық жұмыстарға 332 жұмыссыз жіберілді. Қаржыландыру 73 933,0 мың теңге құрды. 2018 жылғы 1 шілдеге 31 990,6 мың теңге игерілді, бұл бөлінген қаражаттың 43,3 % құрайды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында қоныс аударған отбасыларға арналған субсидияларға 24 521,0 мың теңге бөлінді, олардың ішінде көшуге 17 306,0 мың теңге және тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерді өтеуге 7 215,0 мың теңге. Субсидияны 26 отбасы алды.

Жұмыспен қамту шараларынан басқа жұмыссыз азаматтарға аз қамтылған халықты әлеуметтік қолдаудың әртүрлі шаралары көрсетіледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейшілік шетінен төмен (ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% - 2018 ж. 4 тоқсанда – 1195 теңге) отбасыларға көрсетіледі. 2 тоқсанның қорытындысы бойынша 223 алушыға қатысты төлем сомасы 2523,0 мың теңгені құрады.

2018 жылғы 1 шілдеге жергілікті өкілді органдардың шешімімен жекелеген санаттағы 2100 азаматқа 43375,8 мың теңгеге көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетілді.

Үйде тәрбиелейтін және оқытатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін жалпы 4633,3 мың теңге сомаға 67 кәмелетке толмаған балалар әлеуметтік көмек алды. 1 балаға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 14430 теңге құрайды.

Үйге керек жарақтарға және коммуналдық қызметтерге төлеу шығыны үлестерінен 10%-дан асып кететін отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Өткен кезеңде 1116 отбасыға (1416 адамға) 13 000,0 мың теңгеге, оның ішінде 163 мүгедектері бар отбасыларға 1 760,0 мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.

Оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік және әлеуметтік бөлігінің ұсыныстарын орындау бойынша іс-шараларға 2018 жылғы 1 шілдеге жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 26960,6 мың теңге шығын жұмсалды. Қозғалуда қиыншылықтары бар 79 бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшілердің қызметтері (3538,6 мың теңге жұмсалды) көрсетілді. Есту бойынша 30 мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері (1093,2 мың теңге жұмсалды) көрсетілді. 356 мүгедек үшін сомасы 22328,8 мың теңгеге міндетті гигиеналық құралдардың сатып алынуы өткізілді.

Арбадағы мүгедектер мен жеке көмекшілердің қызметін алатын мүгедектер үшін инватакси жұмыс істейді (4630,0 мың теңге қолданылды).

115 мүгедек оңалту орталықтарында емделді, арнаулы жылжу құралдарымен (кресло-арбалар) 41 мүгедек қамтамасыз етілді, санаторий-курорттық емдеумен 42 мүгедек және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына теңестірілген 7 тұлға қамтамасыз етілді (облыстық бюджет қаражаты есебінен).

«Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК-да 41 әлеуметтік қызметкердің қызметінде 328 адам бар, оның ішінде 301 қарттар мен 26 адам 1 және 2 топтағы мүгедектер. Мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінде 14 әлеуметтік қызметкердің қарамағында 46 мүгедек бала мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 35 мүгедекке қызмет көрсетіледі. Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінде психоневрологиялық аурулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 52 мүгедек балаға қызмет көрсетіледі. Аумақтық орталықты ұстауға 155 477,0 мың теңге бөлінді, 2018 жылғы 1 тоқсан бойынша 60 691,8 мың теңге игерілді.

Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы арқылы 2018 жылғы 1 шілдеге 2569 адам өтініш білдірді. Мұнда олар тамақ, тұрмыстық өз-өзінен қызмет жасау үшін жағдай, алғашқы медициналық-санитарлық көмектер алды, 9 қызмет алушыға құжаттарды ресімдеуде, 4 адамға зейнетақы ресімдеуде, 9 қызмет алушыға мүгедектік тобын белгілеуде, 6 адамға түрлі жәрдемақы ресімдеуде жәрдем көрсетілді. Орталыққа өтініш білдіргендердің ішінде 24 адам мүгедектер. Жалпы үлгідегі интернат үйіне 5 адам, оның ішінде 5 мүгедек ресімделді. Орталыққа бөлінген көлемі 44791,1 мың теңге толық көлемінде игерілді.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бойынша шараларды жүзеге асыру еңбек нарығы және облыс тұрғындары арасында кедейлік деңгейі көрсеткіштерінің төмендеуі жағдайында жағымды әсер етті. 2018 жылғы 1 шілдеге жұмыссыздық деңгейі 0,7 %-ды, кедейлік деңгейі 0,01%-ды құрады.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы практикалық әрекеттерді жүзеге асыруы, халықты әлеуметтік қорғау бойынша қабылданатын шаралар қаламыздың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"