Поиск

   

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстаннның әрбір азаматының еңбек етуге тең құқықтары бар, және оларды хал-жағдайына, жасына және іскерлік қасиеттеріне байланысты емес басқа себептермен жүзеге асыру мүмкіндігіне шектеу қоюға болмайды. Еліміздің Конституциясына сәйкес әрбір азаматтың еңбек етуге құқығы бар. Оның ішінде мүгедектер сияқты азаматтар санатының өкілдері. Жұмысқа орналасу барысында мүгедектігі бар адамның дені сау адамның құқығымен тең болады.

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы және Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қазандағы № 1378 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы негізінде меншік нысанына қарамастан Рудный қаласының келесі тізімдік саны бар ұйымдарға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленді:

50-ден 100 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2% мөлшерінде;

101-ден 250 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 % мөлшерінде;

251-ден бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4% мөлшерінде.

Мүгедектерді квота бойынша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруы кәсіпорында жұмыс істейтін мүгедектердің санын ескере отырып Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Қосымша ақпаратты және мүгедектер үшін квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу тәртібі туралы түсініктемелерді Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нде алуға болады, мекенжайы: Пионер көшесі, 21, каб. 14, анықтама үшін телефондар 2-41-36, 2-44-92.

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» эгидасымен қоғамда Еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында Қостанай облысында «Еңбек жолы» республикалық конкурс өткізіледі.

Конкурстың мақсаты: үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін айқындау. Конкурсқа өндірістің барлық қызметкерлері қатыса алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» атты конкурс өткізеді. Конкурстың негізгі мағынасы – бизнес құрылымдардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және елдің дамуына қосқан үлесін жариялау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жариялау болып табылады.

Министрлік жанындағы комиссия ұсынылған материалдар негізінде жеңімпаздарды анықтайды және келесі номинациялары бойынша конкурс лауреаты атағын беру жөнінде шешім қабылдайды:

2019 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу жөніндегі ұсыныстардың әзірлеуіне байланысты «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Рудный қаласының еңбек нарығында жұмыс күшіне ағымдағы сұранысқа және ұсынысқа талдау мен болжау өткізеді.

Осыған байланысты барлық меншік нысандарының жұмыс берушілеріне қосымшаға сәйкес This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. электрондық мекенжайға ақпаратты ұсыну қажет.

Қосымша ақпаратты Пионер көшесі, 21 мекенжай бойынша «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 26 кабинетте немесе 2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

Скачать приложение

27 сәуірде қалалық БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ өткізіледі.

ІС-ШАРАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА:

- қаланың жұмыс берушілерімен және кадрлар қызметтерінің өкілдерімен әңгімелесу;

- облыстың және қаланың бос жұмыс орындар дерекқоры, жұмыспен қамту орталығынан жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасына қатысу жағдайлары мен мүмкіндіктері жөнінде консультациялау: жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, кәсіпкерлік бастаманы қолдау (микрокредит беру), кәсіби және техникалық оқыту.

Барлықтарыңды «Балалар мен жастардың шығармашылығын дамыту сарайы» КМҚК-да сағат 10.00 бастап 12.00 дейін күтеміз.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"