Поиск

   

2019 жылы Рудный қаласының азаматтарын әлеуметтік қорғау үшін барлық бағдарламаларды жүзеге асыруға 1 016 550,0 мың теңге қаржы бөлінді, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 189 921,6 мың теңге немесе 18,7 % жұмсалды.

2018 жылы Рудный қаласында «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру үшін республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден 515 271,0 мың теңге бөлінді.

2019 жылғы 1 сәуірге Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша 959 адам өтініш білдірді.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты бірінші бағытты жүзеге асыру шегінде 2019 жылғы 25 наурыздан бастап қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 180 адам жіберілді. Облыстық бюджеттен осы мақсатқа 47 936,0 мың теңге бөлінді.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты екінші бағытын іске асыру үшін 175 700,0 теңге бөлінді. 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға сомасы 49 900,0 мың теңге 5 микрокредит берілді.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты үшінші бағытын жүзеге асыру шегінде 291 635,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

- 2019 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 24946,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 53 адам жіберілді. 400,0 мың теңге немесе 1,6 % игерілді;

- 2019 жылы жастар практикасын ұйымдастыруға 16 665,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылғы 1 сәуірге жастар практикасына 18 адам жіберілді. 500,0 мың теңге немесе 3 % игерілді;

- қоғамдық жұмыстарға 144 адам жіберілді, 103 551,0 мың теңге бөлінді, 10 581,5 мың теңге немесе 10,2 % игерілді;

Қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың аумақтық квотасы шегінде 146 473,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Рудный қаласына Қазақстанның жұмыс күші артық аймақтардан 18 адам және 152 оралман көшіп келді. Олардың барлығына қоныс аударуға сомасы 15 069,0 мың теңге субсидиялар төлеңді және көлемі 11 599,0 мың теңге коммуналдық шығындарды өтеу мен тұрғын үйді жалдап алуға (жалдауға) шығындар өтелді.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9 % құрды.

Жұмыспен қамту шараларынан басқа жұмыссыз азаматтарға аз қамтылған халықты әлеуметтік қолдаудың әртүрлі шаралары көрсетіледі, оған 2019 жылы 85 869,0 мың теңге бөлінді, 2019 жылғы 1 сәуірге 13 678,7 мың теңге құрды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейшілік шетінен төмен (ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% - 2018 ж. 3 тоқсанда – 14142 теңге) отбасыларға көрсетіледі. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 260 алушыға қатысты төлем сомасы 2 027,2 мың теңгені құрады.

2019 жылғы 1 сәуірге жергілікті өкілді органдардың шешімімен жекелеген санаттағы 479 азаматқа 8 697,3 мың теңгеге көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетілді.

Үйде тәрбиелейтін және оқытатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін жалпы 2 954,2 мың теңге сомаға 64 кәмелетке толмаған балалар әлеуметтік көмек алды. 1 балаға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 15150 теңге құрайды.

Үйге керек жарақтарға және коммуналдық қызметтерге төлеу шығыны үлестерінен 10%-дан асып кететін отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі, 2019 жылы оған 23 000,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылғы 1 сәуірге 103 отбасыға (811 адамға) 4 900,0 мың теңгеге, оның ішінде 103 мүгедектері бар отбасыларға 733,0 мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.

Оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік және әлеуметтік бөлігінің ұсыныстарын орындау бойынша іс-шараларға 66 491,0 мың теңге бөлінді, 2019 жылғы 1 сәуірге жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 34 090 мың теңге жұмсалды.

Қозғалуда қиыншылықтары бар 82 бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшілердің қызметтері көрсетілді, 2294,4 мың теңге жұмсалды.

Есту бойынша 38 мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері көрсетілді, 870,3 мың теңге жұмсалды.

277 мүгедек үшін сомасы 27 833,1 мың теңгеге міндетті гигиеналық құралдардың сатып алынуы өткізілді.

Арбадағы мүгедектер мен жеке көмекшілердің қызметін алатын мүгедектер үшін инватакси жұмыс істейді, 2019 жылғы 1 сәуірге 3092,0 мың теңге жұмсалды.

2019 жылғы 1 сәуірге 44 мүгедек оңалту орталықтарында емделді (облыстық бюджет қаражаты есебінен).

«Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКҚК-да 40 әлеуметтік қызметкердің қызметінде 328 адам бар, оның ішінде 323 қарттар мен 25 адам 1 және 2 топтағы мүгедектер. Мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінде 12 әлеуметтік қызметкердің қарамағында 79 адам бар, оның ішінде 46 мүгедек бала мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 33 мүгедекке қызмет көрсетіледі. Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бөлімінде психоневрологиялық аурулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 50 мүгедек балаға қызмет көрсетіледі. Аумақтық орталықты ұстауға 2019 жылы 201 954,0 мың теңге бөлінді, 2019 жылғы 1 сәуірге 28 193,6 мың теңге игерілді.

Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы арқылы 2019 жылғы 1 сәуірге 1381 адам өтініш білдірді. Мұнда олар тамақ, тұрмыстық өз-өзінен қызмет жасау үшін жағдай, алғашқы медициналық-санитарлық көмектер алды, 35 қызмет алушыға құжаттарды ресімдеуде, 5 адамға зейнетақы ресімдеуде, 4 қызмет алушыға мүгедектік тобын белгілеуде, 4 адамға түрлі жәрдемақы ресімдеуде жәрдем көрсетілді. Орталыққа өтініш білдіргендердің ішінде 20 адам мүгедектер. Жалпы үлгідегі интернат үйіне 6 адам, оның ішінде 2 мүгедек ресімделді.психохрониктер үйіне 1 адам жіберілді. 2019 жылы Орталыққа 123 965,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға 21 009,8 мың теңге жұмсалды.

Рудный қаласында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы практикалық әрекеттердің жүзеге асыруы жалғасады.

   
© Государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"